Home » Жаңалықтар » Облыс әкімінің орынбасары Аршалы ауданында жұмыс сапармен болды

Облыс әкімінің орынбасары Аршалы ауданында жұмыс сапармен болды

Айна Мысырәлімова аудандық маңыздағы әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өз жұмысын дүйім қазаққа танымал Иманжүсіп Құтпанұлының Жібек жолы ауылындағы зиратына бастаған облыс әкімінің орынбасары, ауылдың қазіргі хал-ахуалымен танысты. Өткен жылы аудан әкімі А.Тайжановтың тапсырмасымен Иманжүсіп бабамыздың зиратына қоршаулар орнатылған болатын. Одан кейін облыстық бюджет есебінен күрделі жұмыс жүргізілген Жібек жолы ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктті аралап көрді. Аудандық ауруханының бас дәрігері Сәндібек Сембиев жүргізілген барлық жұмыстар туралы ақпарат беріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды.

 

Сонымен бірге жақында еліміз бойынша аты шыққан, Елбасымыздың өзі келіп ашылуын жасап кеткен «Бейбарыс» демалыс аймағын аралап, заманауи демалыс орнына да барып қайтты. Айна Ермекқызы Аршалы ауданындағы «Нұр Отан» партиясы ғимаратындағы «Рухани жаңғыру» кабинетінде ауданымызда аталмыш бағдарламаның тармақтары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы мәлімет алды.

Сондай-ақ, аудандық аурухананы аралап, жөндеу жұмыстарымен және облыстық бюджет арқылы келген жаңа медициналық құрылғыларымен танысты. Аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетудегі атқарылып жатқан оң істерге жоғары баға беріп, тиісті ұсыныстарын білді.

Бұдан басқа туған күні болып жатқан ауданымыздың мақтанышы, Аршалы ауданының құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты Жанғоразов Ибрагим Дәуітұлын облыс әкімінің атынан құттықтап, гүл шоқтарын тапсырды. Жиналысты жалпылай қорытындылаған өңір басшысының орынбасары Айна Мысырәлімова алғысын білдіріп, жалпы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.