Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару

Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару

Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары (коучинг)

Мақсаты: Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару әдістемесімен танысу. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастарын анықтау.

Оқыту нәтижесі:

Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқара алады. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін түсінеді. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастарын анықтайды. Мұғалімдер мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді және сапалы оқыту мен оқудың нақты критерийлерін әзірлейді.

Түйінді идеялар:

ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшы елдердің нәтижелері негізінде әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында оқушыларға қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру. Мектептерге олардың оқушыларын табысты жұмыс істеуге дайындау және өмірлік жағдайларда олардың бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін инновациялық кәсіби дағдылар мен білімдерді ұсыну.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер

Компьютер, интерактивті тақта, постер, маркерлер, үлестірмелі парақшалар.

Төңкерқызы Айгүл,

                                                                    №21 Софиевка орта мектебінің

                                                                                     қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі,

Ақмола облысы, Целиноград ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.