Home » Ашық сабақтар » Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау

Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау

Еңбекке баулу 2-сынып      

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ағаш жапырақтарынан түрлі пішіндер   жапсырмалауға болатынын түсіндіру.

  1. Қоянның және көбелектің, балықтың пішіндерін жапсырмалау дағдыларын қалыптастыру, үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  2. Сабақта белсенді, тиянақты, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: интербелсенді әдістер, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу,   практикалық жұмыс.

Көрнекілігі: күз мезгілінің суреттері, үлгі жұмыстар, электронды киіз үй, электронды оқулық, ақылды тақта, кепкен жапырақтар, қатырма қағаздар, желім, қайшы, дайын бұйымдар.

Түрі: жаңа сабақ (кіріктірілген)

Сабақ барысы:

І. Қызығушылығын ояту

* Психологиялық дайындық. (тақтада күздің суреті, әуенмен 4 бала өлең жолдарын

оқиды) (1 мин)

* Топтарға бөлу. (3 мин)

Балалар, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? (…Ағаштардың сарғайған  жапырақтары жерге түсіп, жерге алтын түстес кілем төселгендей болады)

— Дәл қазір сол бір керемет табиғат аясында жүргендей сезініп, барлығымыз жерге

түскен жапырақтарды теріп алайықшы. Балалар, жердегі өздеріңе ұнаған

жапырақты теріп алыңдаршы. Олай болса, біз осы жапырақтардың түрлеріне қарай

топтарға бөлінеміз.

І топЕмен

ІІ топ- Терек

ІІІ топҚайың

ІV топШырша топтары болып бөлініп, топ басшысын сайлайды.

* Топ аттарын қорғау.

— Балалар, өз топтарыңның атына сай ағаштар туралы не білесіңдер? (2 мин)

— Жақсы, ал еңбек сабағында біз бұл жапырақтарды қалай деп атаймыз?

Табиғи материалдар.

* Үй тапсырмасын сұрау. Жапырақтарды жинап, кептіріп әкелу. (……)

— Табиғи материалдарға тағы нелер жатады? Олар қаншалықты көп? Олар өте қөп:  жапырақтар, өсімдік сабақтары, ағаштың бұтағы, тамыры, қабығы, және тағы басқалары.

— Ал сендер оларды жинағанда қандай ережелерді ұстандыңдар?

  1. Таб мат қоршаған ортаға зиян келтірмей жинау қажет.
  2. Таб мат жанағаннан кейін оларды шаң-тозаңнан тазартып, арнайы  

   қорапшаларға салу керек.

  1. Оларды жинап болған соң қолыңды жууды ұмытпа.

ІІ. Мағынаны ажырату

* Жаңа сабақпен таныстыру.

* Топпен жұмыс. «Адасқан әріптер» ойыны (…..) 

Емен тобына ш, а, ғ, а әріптерінен сөз құрау.

Терек тобына пы, жа, ры, рақ, та, нан буындарынан сөз құрау.

Қайың тобына н, ш, і, п, і әріптерінен сөз құрау.

Шырша тобына сыр, лау, жап, ма буындарынан сөз құрау.

— Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы «Ағаш жапырақтарынан пішін жапсырмалау» екен.

* Тақтамен жұмыс. Жапырақ туралы не білеміз? (…..)

— Біз бүгін табиғи материалдар, яғни кептірілген жапырақтардан түрлі пішіндер жапсырмалаймыз. Олар мынадай үлгіде болуы мүмкін. (тақтадағы түрлі пішіндер көрсетіледі)

      

   

* Жұппен жұмыс.(……)

— Қазір біз жұппен жұмыс жасайтын боламыз.

   Емен тобындағы жұптарға — көбелек пішінін жасау.

Терек тобының жұптарына — балық пішіні.

Қайың тобының жұптарына — қоян пішіні.

Шырша тобының жұптарына — тышқан пішінін жасау тапсырылады.

— Қалай ойлайсыңдар, бізге қандай құрал-саймандар және материалдар қажет

болады? (қатырма қағаз, қарындаш, қайшы, желім, түрлі жапырақтар, )

* Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  1. Өткір құралдардың жүзін саусағыңмен сипама!
  2. Құралдың ұшын аузыңа салма!
  3. Құралмен ойнама!
  4. Құрал-жабдықтарды тиісті орынға қой!
  5. Құрал-саймандарды мұғалімнің рұқсатымен ғана ал!
  6. Кепкен жапырақтарды абайлап ұста, сындырып аласың.
  7. Жұмыс орныңда тазалық сақта!
  8. Жұмыс орныңда артық заттар болмасын.
  9. Жұмыс соңында жұмыс орнын жинастыр!

* Сергіту сәті: «Ормандағы ағаштар» (…..)

— Сендер ағаштарға айналуға дайынсыңдар ма? (♪) Бір-біріңнің артына тұрыңдар.  Орманда күн шығып, барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылады. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жай ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді. (Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып тұрғандай қимыл жеңіл болуы қажет). Жауын одан ары күшейіп қатты жауа бастады. Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн шығып, талдар қуанды. Олар өздеріндегі артық жаңбыр тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалды.

* Практикалық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

* Жұмыс ретін түсіндіру.

  1. Алдымен қажетті қатырма қағазымызды таңдап аламыз.
  2. Жапырақтар топтамасын таңдап, жинақтаймыз.
  3. Қатырма қағаздың бетінде пішіннің орналасатын орнын қарындашпен белгілеу.
  4. Жапырақтарға желім жағып, қағаз бетіне жапсырамыз.
  5. Пішіндердің көздері мен ауыздарын фломастермен саламыз.

—  Ал, іске сәт!

ІІІ. Ой толғау

* Рефлексия. «Бестармақ (бессаусақ)»

— Қандай ағаш түрлерін білесің? Не үйрендік? Не білдік?

* Бағалау: Көрме ұйымдастыру. Оқушылардың өз жұмысын өздері бағалайды.

* Үйге тапсырма: Жапырақтарды іріктеп алып, басқа пішіндер құрастыру.

    

    

Нусипжанова Айжан Сериковна,

                                                       №104 жалпы білім беретін мектептің

                                                         жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі,

                                                    Алматы қаласы, Әуезов ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.