Home » Баяндамалар » СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

2017 жылғы 31 қаңтар айында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Ел басы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсетті.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін негізгі мақсат етіп қойып тұрғаны анық. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану – ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншілік жаратылған. Сонымен қатар, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектептердің тәжірибесіне енуде. Жаңа әдістерді оқушының  зияткерлік,  іздемпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы аталған барлық қасиеттерді оятатын, сонымен қатар әрі қарай дамытатын модуль – сын тұрғыдан ойлау модулі болғаны айдан анық. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлау білуін, эстетикалық көзқарастарды пайымдауын, баға беруін, танымдық  белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, сын тұрғыдан ойлау – оқушылардың алатын білімдерін сапалы етеді, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болатынына бағыттайды. Барлық заманда  ұстаз  өз шәкіртінің ойлау қабілетін дамытуға тырысқан. Ұстаз үшін баланың өз ойын толық, ашық және еркін жеткізуі маңызды.
Ал енді «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы – жас ұрпақты оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзырлылықтардың біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді. Яғни, бүгінгі күні көкейтесті болып отырған білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерінің алар орны ерекше. Әрекетке негізделген технологиялық оқыту танымдық белсенділігі жоғары, өмірдің әртүрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті, қолынан іс келетін (құзырлы) азаматтарды қалыптастырады. Оқушы құзырлылығын қалыптастыруда оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруге тікелей байланысты.
Биология және география  ғылымы тылсым құпияға толы талдауды, болжауды, баламалы шешімдерді талап ететін, оқушыларға  қоршаған  ортаның  көп  түрлілігі  мен  эволюциясы  туралы білімі, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен  қатар  әлемнің  таңғажайып  құбылыстарын  оқып-тануға  және  зерттеуге мүмкіндік береді. Ұстаз мақсаты – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті  сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Сондықтан  сабақтарды  қызықты, мазмұнды  өтілуіне баса назар аудару, сондай-ақ баланың абстракциялық ойлау қабілетін дамытуға, онымен бірге керемет география әлеміне саяхат жасауға және биология ғылымындағы сан алуан түрлердің табиғатпен тығыз байланысын, өзгергіштігін, дамуын ұғынауға  тырысады. Ал  ол қабілеттің барлығын, сын тұрғыдан ойлау стратегиялар толығымен дамытады. Сыни тұрғыдан ойлауда бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады.
Джон Дьюи былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда ұстаздың іс-әрекетінің тұжырымдамасы. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымын және басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор. Ұстаз үшін ең негізгі мәселе болып отырғаны оқушылардың ойын оқуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу. Себебі, сын тұрғысынан ойлау мұғалімнің  ұйымдастырумен оқушының өз бетінше білімді игеруін қарастырады. Нәтижесінде неғұрлым іргерлен, алға ұмтылған оқушының жеке тұлғасы, өсу динамикасы көрінеді. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйретуіне көз жеткізеді. Тәжірибеде сабақтарда бір-біріне ұқсамайтын түрлі тиімді тәсілдерді қарастыруда,  биология және география пәнінің  мазмұны кең,  тақырып материалы ауқымды білімді қажет ететін жаратылыстану ғылымы. Оқушылардың білімділік, біліктілік деңгейін көтеру мақсатында сабақ барысында өз беттерімен дайындаған шығармашылық жұмыстар арқылы логикалық ой өрісін, сөз шеберлігін, білімге деген қызығушылығын ояту, дәлеледеу, ой тұжырымдау, салыстыру, негізгі мазмұнды ажырата білу тапсырмаларын түрлендіре отырып сыни ойлауларын шыңдауға бағыттайды. Оқыту нәтижесі оқушылардың өзіне тән мінез — құлық ерекшеліктері қалыптасады, өмірге бейімділігі шығармашылық қабілеті дамиды.
Ой қорыту үшін оқушыларға әр түрлі жұптық тапсырмалар ұсынылады. Оқушылардың жеке ерекшелік деңгейлерін ескере отырып тапсырма беріледі, әр тапсырма оқушының сыни ойлауына ықпал етті. География  сабақтарында өткізген тәжирбелерімнен оқушылардың  танымдық қабылеттерін арыттыруда тапсырмалады түрлендіріп жасауға тырысады. Мысалы:

  • Aлынған мәліметтерді жүйелеу салыстыру,дәлеледемелі факторларды айту.
  • Теориялық жағдайларды нақтылау
  • Зерттелетін нысандарды салыстыру(Сарыарқа мен Тұран жазығын салыстыру)
  • Экономикалық математикалық есептеулер
  • Географиялық жағдайларды жобалау тапсырмалар:сыни ойлай алатын оқушылар берілген тапсырмаларға тиянақты,нақты жан жақты жауап бере алады.

Мысалы: 9 сыныпта
Алынған мәліметтерді жүйелеуге арналған тапсырма:
Экономикалық әлует, жалпы ішкі өнім, адам дамуның индексі, инновациялық экономика  түсініктерінінің мазмұнынын аш.  Ал, 7  сынып оқушылары берілген нысандарды әр материктерге жүйелеу тапсырылады. Ехидна, Гималай, амазонка, колибри, т.б.
Экономикалық математикалық есептеулерге арналған тапсырма:
1 т титан балқыту үшін қажетті энергия  мөлшері 3 адамнан тұратын отбасына қанша уақытқа жететінін есепте.Ондай отбасының электр қуатын орта есеппен тұтыну мөлшері күніне  10 кВт\сағ.
Географиялық жағдайларды жобалауға арналған тапсырма:

  1. Қуатты көп қажет ететін өндіріс алюминий  зауытын құру үшін қолайлы жағдайларды анықтау,тиімді факторларын ашу.
  2. Қазақстан темір жол желісіндегі өте көп кездесетін тұйық жолдар мәселесіне көңіл аударып,оның шешу жолдарын анықтау.

Биология сабағында жаңа тақырып оқыту барысында:
1.Проблемалық  мәселе қою
… Ежелгі Үндістанда «күрішпен сынақ» өтілген. Сотталушының айыпты немесе айыпсыз екендігін дәлелдеу үшін құрғақ күрішті жеу қолданылған.Егер ол жесе ол айыпсыз,егер жемесе айыпты.
 Мәселенін шешім табу үшін нені білуіміз керек? оқушылардың жауабы, өзекті  айтылған сөздердер тақтада жазылады, өз ойларын жинақтайды.
2.Сілекей бездері құрамы мен қызметі.
сарамандық жұмыс ”Сілекей бездері  орналасуы” көрсету
 жауабы: Сілекей бездерінің ең ірісі — жұп шықшыт безі Ол қүлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20-30 г.
жауабы:ауыз қуысында сілекей  пайда болады Алқым сілекей бездерінің салмағы 14-15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады.
жауабы:Сілекей бездерінің ең кішісі- тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады.
Сабақ барысында ойын элементтерін де қолдануға болады, мысалы «Аукцион» ойыны бөлімді қорытындылағанда өте тиімді. Интерактивті тақатаға шаршы шығарып, әр шаршының артына тапсырмалар жасырылады, шаршы бетінде сандар қойылады,оқушыларға қызығушылықты арттыру үшін білікті біліммен қомақты табыс таба алатындары түсіндіріледі, яғни әр сан белгілі бір валютамен белгіленеді, неғұрлым сан жоғары болса тапсырма да күрделене түседі. Бұндай әдіс арқылы сыныптағы дарынды балаларды  анықтауға болады. География пәні статистикамен тығыз байланысты, әр мемелекеттің экономикалық даму көрсеткіштері, цифрмен беріледі. Есте сақтау қабылеттерін дамыту мақсатында  «сандық география» әдісі де тиімді, әр топқа белгілі бір уақыт ішінде мәтіндегі сандық көрсеткіштерді жатқа айту тапсырылады, қай топ көп мәлімет береді сол топқа ұпай беріледі. Географияның негізгі тілі карта, сондықтан географиялық карталарды оқи білу, карталармен жұмыс жасау пәннің негізі тұжырымы. Осы орайда  8 сыныбында өткізілген «Аласа таулар» тақырыбында қолданған «Не, қайда, қашан?» стратегиясы оқушылардың жаңа тақырыпты өздіктерінен ашуына мүмкіндік туғызды, бұл стартегия бойынша әр топқа таулар  беріліп, физикалық, тектоникалық, геологиялық карталардың көмегімен топ мүшелері таудың қашан пайда болғанын, қалай қалыптасқанын, қандай жыныстардан тұратынын сипаттап, сосын қаншалықты дұрыс сипаттауларын оқулық мәтінмен салыстыра отырып тексеріп, бағалайды. Бұл стратегияда оқушылар топта бір-бірімен диалог жүргізу барысында дәлелдер жинақтап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Оқушы сыни ойлау үшін жағымды атмосфера, уақыт жеткілікті болу керек. Сыныпты топқа бөлу кезеңінде де оқушыларға механикалық есте сақтау яғни үнемі қайталап отыру дағдысын дамытуды ескерген жөн, мысалы  9  сыныптағы   сабақтарда топқа бөлудің «Кім боламын?» стратегиясы бойынша өткізген кезде оқушылар «Шахтерлер» «Энергетиктер» «Мұнайшылар»  тобына бөліну үшін әр топты сипаттайтын сөздерді, обьектілерді анықтаулары қажет. Бұл стратегия  сонымен бірге географиялық номенклатура бойынша білімдерін анықтайды. Сонымен бірге тарауды, немесе бөлімді аяқтағанда қолдануға тиімді «Жәрменке» әдісі. Бұл әдіс бөлім бойынша оқушы білімін танымдық, шығармашылық  қабілеттерін саралап көрсетеді.Әр оқушы осы бөлімде қызықты да тартымды логикалық тапсырмалар құрастырып, өз жұмысын жәрмеңкеге әкеліп жарнамалайды, сатуға тырысады, алған оқушы тапсырмаларын орындап баға береді.  Биология және география сабақтарында педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталатын болсақ белсенді қолданатындардың бірі жобалау, пікірлесу, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Жоба әдісі педагогикалық технология ретінде қарастырылды және оқу барысында оның маңыздылығы ашылды. Жоба әдісіне ізденіс, зерттеу, мәселелік әдістер, шығармашылық жұмыстар жатады. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл қарапайым ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді.   Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Мұғалім жалғыз білім трансляторы (таратушысы) емес деген қағиданы басшылыққа алу. Сын тұрғысынан ойлау – ойлау мен пікірлесуді дамытатын  сала. Оқушыны мұғаліммен, достарымен, құрбыларымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын стратегия.
Сонымен қатар, сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалғаны міндетті дей отырып және сабақ барысында басшылыққа  алу қажет:
— оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
— әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;
— үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
— кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;
— оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;
— сын тұрғысынан ойлауды бағалай білу;
Оқыту нәтижесі оқушылардың өзіне тән мінез — құлық ерекшеліктері қалыптасады, өмірге бейімділігі шығармашылық қабілеті дамиды.
Сыни тұрғыдан ойлауын әрі қарай жетілдіру үшін кластер әдісін пайдалануға болады. Осы әдісті пайдалану арқылы жаңа тақырыпты толық меңгерін шығуға мүмкіндік алды. Жұмыс жұптық болғандықтан әрбір жұптағы оқушылар бір — біріне көмектесіп, бірі — бірін жетелеп отырды. Сыни тұрғыдан ойлау мән мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қалыптастырады.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы тағы бір тиімді стратегиясы «жоғары және төменгі деңгейдегі» сұрақтардың қойылуы,сабақ үрдісінде оқушылардың өздері сұрақтар дайындап, бір-біріне қояды, яғни сұрақ қою барысында  ойлауды дамытуға, себебін ашуға  мүмкіндік туындайды.
Сонымен, сын тұрғысынан ойлау оқушылардың білім алуда қандай нәтижеге алып келеді деген сұраққа былай жауап беруін болжайды:
Биология және география пәндерінде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегияларының  оқушылардың  танымдық белсенділігін арттырды, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Балалар сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, топта бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын сезінеді. Сонымен қатар, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, ұстаздың шыдамдылық, ұйымдастыру шеберлігі, төзімділік сияқты құндылықтарын көре отырып, оқушылардың басқаша қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігіне көз жеткіземіз. Биология және география сабақтарында тағы бір ерекше алатын орны ол деңгейлі тапсырмалар болып табылады.  Осы  тапсырмаларын құрудағы қиындықтарды шешу жолдары ретінде мына мәселелерді атап өткен жөн:

  1. Оқушыларға тапсырмаларды 6 деңгейлі Блум таксономиясы негізінде құрып, ондағы білу, түсіну, қолданудан гөрі жинақтау, талдау, бағалауға мән беру.
  2. Стандарт талаптарына сай берілген тапсырмаларды орындаумен қатар оқушының өмірде қолдана алатындай тапсырмалар құрастыруға көңіл бөлу.
  3. Оқушының логикалық ойлауын, сыни тұрғыдан ойын жеткізуді жүзеге асыру үшін, білім беруде сабақтың құрылымын өзгерту, яғни оқытудың белсенді стратегияларын қолдану, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру үшін әр10 мин сайын жағдаятты өзгертіп отыру.
  4. Оқушыға тапсырма берген кезде оның алгоритмдерін алдын-ала ескерту.
  5. Тапсырманы зейін қойып, орындауға және эксперименттік есептер, зертханалық шағын зерттеу жұмыстарын орындата отырып, өзінің орындаған жұмысының дұрыстығына көз жеткізу, өзін-өзі бағалауға үйрету.

Осы іс-әрекеттерді орындаған жағдайда оқушыға жоғары деңгейде білімін қалыптастыруға жол ашылады. Ол үшін мұғалімдердің жан-жақтылығы, шығармашылығы, білімі жоғары деңгейде болуы керек.

Алдағы тәжірибе барысында міндетті түрде топтық жұмыстың маңыздылығын көре отырып, нығайтуын көздеп отырмыз. Келесі мәселенің бірі АКТ материалдарын кеңінен пайдаланудың қыр-сырын меңгере отырып, оның оқушыға қаншамалықты пайдалы екендігін түсіндіре отырып, ең ауқымды нәтижелі сабақ өткізуге болады. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрініс табады.
Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз- баланы ойлауға үйрету! Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін! Шығыс данасы Конфуции былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады, ал өзім істесем, үйреніп алам». Бұдан шығатын негізгі түйін, баланы білуге өз еркімен, шын махаббатпен жетелей білсек, өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар шәкірт тәрбиелесек, көздеген мақсатқа жете білгеніміз. Яғни, баланың ынтасын жетелеу қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету, көрнекілікпен көрсету, оны өз беттерінше практикада қолдана білуі қажет деген сөз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»01.2017ж.
  2. Кішібаева Д.Ж. «Жаңа педогогикалық технологиялар» Оқу құралы. Түрікстан қ. 2010 ж.113 бет

 

 

Ж.Х.Каирбаева
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша
ПҚБА институтының
 Б және БС кафедрасының аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.