Home » Мақалалар » Сындарлы оқыту әдістерінің қолданылу жолдары

Сындарлы оқыту әдістерінің қолданылу жолдары

Қазіргі уақытта білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттіліктердің  бірі. Себебі, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты тұлға болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Бұрынғы уақыттарда  нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отырғаны белгілі. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сыни ойлау оқушылардың  ойлау дағдыларын  дамытып, оларды оқу мен  өмірде  туындайтын  проблемаларды  өздігінен шешуге бағыттайды. Осы арқылы  сыни ойлау  оқушыларды  ақпаратпен жұмыс  жасауға,жан-жақты  тұрғыдан  кез келген  жайтты  талдауға,бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды.

Сыни ойлау әр адамды  табиғатындағы менмендіктен  және ортаға тәуелділіктен  арылтады: адам басқалармен тиімді қарым – қатынасқа түседі,қоғамдағы беделдердің  пікірлерін  ақиқат ретінде  қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды,олардың  артықшылықтары мен кемшіліктерін  сараптай  біледі. Кез келген жағдайда өзінің  сыни ойын айта алатын оқушы тәрбиелеу  біздің басты мақсатымыз.

Сыни тұрғыдан oйлау дегеніміз, логикалық ойлаумен қатар, алған білімді жан-жақты ойлай oтырып, oны бағалап, талдап және синтездеп тағы қолдану. Сыни тұрғыдан oйлауды дамыту oқу процесіндеге күрделі міндеттердің бірі. Осы мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі, сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету технологиясын тиімді қолданатын сабақ жоспарын жасап, қолайлы әдістерді қолдана білу.

Сыни тұрғыдан ойлау оқушының нені білетіні және oсы білім туралы ойланып өзгерістер енгізуі. Oсы мүмкіндікті қолдану үшін өзінің түсінігін және білімін танымдық денгейге жеткізуі керек.

Сыни тұрғыдан oйлауды дамытуда негізінен айрықша oрын алатын  тәсілдердің бірі– диалог болып табылады.  Ал диалогты қолайлы қолдану– оқушыларға сұрақ қою. «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сaбaқ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.

Жоғарыда айтылғандай сыни тұрғыдан ойлау тек оқушылардың ғана емес мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын үйрену. Мұғалім сыни тұрғыдан  ойлап оқушыға берілген тапсырмаларды түрленте білсе, сыни ойлайтын тұлға қалыптасады.

Мен сабақтарымда оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуда  тиімді тәсілдер қолданамын. Оның ішінде топқа бөлу  арқылы оқушылардың білімдерін  жан-жақты пысықтап  бекітуге  жол ашуға тырысамын.  Қолданған  әрбір  әдіс-тәсіл  арқылы  ойлағандай  нәтижеге  қол жеткізіп  отырамын. Сыни ойлай  алатын  оқушыны  қалыптастыру  мен үшін  әрдайым бірінші орында.

Топтық жұмыстар оқушылардың бір-бірімен  ынтымақтасып жұмыс жасауға бірлесіп шешім табуға,өзара бірлесіп тапсырманы бір-біріне түсіндіруге өте тиімді.

Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі болып  қана қоймай, шыңдалатыны сөзсіз.Оқушылар жұмыс жасау барысында бір — біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш — қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін   ашық еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан — жақты дамытатынын байқадым.

Сабақтарымда жаңа технологияларды, оқытудың жаңа модульдерін пайдалану арқасында өзгере отырып, жалпы алғанда, оқушылардың оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімділігім артты, ал оқушылардың тарапынан мектеп пен оқуға деген  жағымды қарым-қатынастары қалыптасты, олар бір-бірімен пікір алмасуға үйренді.

Сөз соңында, келешекте жаңа білім беруде жақсы нәтижеге жету үшін әрдайым мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты ескере отырып, оқушының ашылуына, өз пікірінің қалыптасуына дұрыс бағдар беріп, жағдай жасап отыруым үшін көп жұмыс атқаруым керек. Оқушының бойындағы саналы білім алуға деген ынтасын ұштау қажет. Ол үшін әр сабақта оқушылардың бір – бірін оқытуына мүмкіндік беруіміз керек. Сондай-ақ заман талабына сәйкес білім беру үшін мұғалімнің өзі әрдайым өзгерістерге бейім болуы қажет деген ойламын.

Сабақ  тиімділігін арттыру   үшін сабақта әлеуметтік  өзара  іс  — әрекет  тудыратын  (топпен  жұмыс  жасау, бір плакатта жазып, оны өз ойларын жеткізу арқылы қорғау, бір  — біріне  сұрақ  қою, оқушылардың бірі  — біріне  түсіндіру, «Гармошка», «Таза тақта», «Иә немесе Жоқ» т.б. сияқты жұмыстардың   түрлерін  пайдалана отырып  оқушылардың  сыни  ой  айтуына  көңіл  бөлу арқылы  балалардың  өз ойын  айта  білуіне  жағдай  туғыза  отырып  оқуға деген ізденушілігін, сыни  ой айта  білу , зерттеушілік  қабілетін, ауызбіршілік, уақытты тиімді пайдалану қабілетін, ең бастысы әр оқушының өз бойынан осы қасиеттерді таба білуіне  деген т.б туғызып отырамын.

Кез келген  адамның белгілі бір болып жатқан оқиғаға, өткен тақырыпқа  сыни  пікір  айтуына  еш  кедергі  болмауы тиіс  деп  есептеймін. Сол сияқты оқушылар да  өтілген тақырып бойынша  өз пікірлерін  ашық айта білуі  керек.  Кейбір жағдайларда  оқушылардың бір-біріне  сабақты  түсіндіріп отырғанын байқаймын. Осы  кезде тек өзімнің түсіндіруіме  жол бермей,оның қасында отырған  оқушымен  жақсы жұмыс  жасай  алуына жұмыстар  беремін. Мәселен, жұппен жұмыс жасауға  арналған тапсырмалар беремін. Сол кезде оқушылар бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып, тақырыпты  ашуға белсене қатысады.

«Ақылсыз адам жауап береді,

Ақылды адам жауап іздейді», — деп  ұлы ғалым Сократ айтқандай әрбір оқушы  берген сұраққа жай  ғана  жауап бері қоймай,ол сұрақтың мәніне тереңірек  үңілуі керек.  Ол үшін ұстаз тарапынан сол сұраққа  тереңірек жауап іздейтіндей,итермелейтіндей  сұрақтар  қоюы  тиіс. Оқушыға неғұрлым  ойласып жауап беретіндей сұрақтар берілуі қажет. Мысалы, «Квадрат теңдеу мен  квадрат  үшмүшенің  айырмашылығы неде деп есептейсіз?». Бұл сұраққа оқушы түрліше жауап беруі мүмкін. Біреуі квадрат теңдеуді  шешкенде түбірлерін табамыз, сосын  сол қалпында қалдырады. Ал квадрат үшмүшені шешкенде  дәл солай түбір тауып аламыз. Сосын табылған түбірді  пайдалана  отырып, оны квадрат үшмүшенің  орнына қоямыз деп  жауап беруі мүмкін.  Осылайша баланың  сыни ойлауы  жақсы дамитын болады.

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын  жетілдіру мақсатында  олардың

өз бетімен не болмаса топпен жұмыс жасай  білуге жағдай  туғызуымыз  керек. Топтарға шағын зерттеу жұмыстарын  беріп,оның жан-жақты ашылуына мүмкіндік  беру дұрыс болып табылады.  Сонда оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасайтын болады.

Жоба  дегеніміз бізге белгілі бұл нәтижелі қызмет. Оқушылар жобалау қызметін атқара отырып, нақты нәтиже алады және оны көпшілікке ұсынады. Сондықтан болар бұл технологияны көбіне «Барлығы өмірден  және барлығы өмірге» ұранмен байланыстырады. Яғни қоршаған ортаны зертхана ретінде қолданып, қорытынды шығаруға жетелейтін технология десек артық айтқанымыз емес?!

Жобаны орындау мақсаты- қарым – қатынас, сөйлеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен атқаратын жұмысын жете білу, жоғарылату болып табылады. Жобалау технологиясы дегенде  ұлы ғалым Конфуцийдің  мына асыл сөздері  еріксіз еске  оралады: «Естігенімді-ұмытамын,көргенімді есте сақтаймын,өзім істегенімді меңгеремін».  Жобалар әдісін педагогикалық технологиялар ретінде айтатын болсақ, онда бұл технология зерттеушілік, ізденістік және мәселелі әдістердің жиынтығы, өзінің мәнісіне қарай шығармашылық болып табылады. Жобалар әдістері – тек шынайы білім шоғырына ғана емес, оны қолдануға және жаңа білім алуға (кейде өз бетімен білім алу арқылы) бағытталған педагогикалық технология.

Жалпы  сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып,оларды оқу мен өмірде туындайтын  мәселелерді  өздігінен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды  ақпарaтпен  жұмыс жасауға,жан-жақты  тұрғыдан  кез -келген  жайтты  талдауға,бағалауғa,таңдау жасап, шешім қабылдауына баулиды. «Сыни ойлау»  ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау»  мағынасы жоқ. Біз көбіне осы сөзді  кері түсініп жататынымыз да бар. Дегенмен  сыни ойлау,сыни пікір айту қалыпты жағдай. Сын болған кезде ғана адамның ойлаған ісі алға адымдары сөзсіз.

Caбақтың басында оқушылapдан «Бүгiнгi caбақтың мақcaты қaндай бoлады дeп oйлaйсыңдaр?» дeген сұpaққa жayaп бepулерін сұpaдым. Сонда оқушылар берілген тақырып бойынша өздері қысқаша  мақсаттар қойып айтты. Расында да мақсат бір адамға ғана қоймауы тиіс,ол мақсатты топ болып сынып болып қойған жөн. Ал сабақ соңында мен оқушыларда «мақсатымызға жеттік пе?» деген сұрақ қойдым.

Coнда, мeні тaң қaлдырғaны, оқyшылардың жayаптары мeнің олapға aйтпай қoйған мақcaтыммен сәйкес кeлгені. Coнымен қaтар, оқyшылар oсы мaқсатқа жeту үшiн қaндай мiндеттерін aтқaрғaндарын дa aтап кeтті. Мысалы,нақтырақ айтар болсам, «Бүгінгі сaбaқтың мaқсaты қандай бoлды?» деген сұpaққа «Бүгiнгі сабақтaғы мaқсaтымыз «Бүтін көрсеткішті дәреже.Санның стандарт түрі» деп жaуaп берді. Ал «Осы мақсатқа жету үшін сендер қандай міндеттерді атқaрдыңдар?» сұрағына оқушылар: «Жаңа тақырыпты меңгеру үшін біз топппен ынтымақтасып бірге жұмыс жасадық және оның ішіндегі ұсынылғaн материалды пайдaланa oтырып, практикалық тапсырмаларды өзара бөлісе отырып  орындап, есептер шығардық,қызықты тренингтeр жасадық. Осы міндеттерді атқара отырып, біз сабақтың мақсатына жеттік» — деп жауап қайтарды. Бұдaн oқушылaр өздері мұғалімнiң нұсқaуынсыз өздері ой қорытып, өз жауаптарын дәлeлдi түрдe ұсына білуге үйрeнгeндерін aйқын танытты.

Баршамызға белгілі  кез келген адамның  бір ерекше  қасиеті бар: біз өзіміз туралы  өзгелердің  пікірлерін  естігіміз келіп тұратыны. «Сырт көз сыншы»   дегендей  адамға өзге адамдардың  пікірлерін білу жұмыс  жасау барысында тигізер әсері мол екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан да мен оқушылармен жұмысымды  кері байланыс  жасауды  сабақтарымда  көбірек қолданамын. Мәселен, «Бағдаршам», «Кері байланыс бутерброды»  сияқты кері байланыс орнату мақсатындағы  әдіс-тәсілдерді қолданамын. Сол кезде мені қуантқаны,оқушылар  кері байланыс жасауға,маған өз ұсынысын не болмаса өзіне сабақтарда ұнамаған тұстарды,әдістерді  жазуда ашық бола білгендігі. Расында да оқушылар пікір жазуға ұялып,айтқаныңмен  келісіп жататыны белгілі ғой. Ал кері байланыс  үлестірмелерін  таратар болсақ,оқушылар шынайы өз ойларын  айта білетін болады.

Қорыта келe айтарым, сын тұрғысынан ойлаудың оқушы үшін,ұстаз үшін рөлі зор. Өйткені, келешекте жаңа білім беруде жақсы нәтижеге жету үшін әрдайым мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты ескере отырып, оқушының ашылуына, өз пікірінің қалыптасуына дұрыс бағдар беріп, жағдай жасап отыруым үшін көп жұмыс атқаруым керек.Оқушының бойындағы саналы білім алуға деген ынтасын ұштау қажет. Ол үшін әр сабақта оқушылардың бір – бірін оқытуына мүмкіндік беруіміз керек. Сондай-ақ заман талабына сәйкес білім беру үшін мұғалімнің өзі әрдайым өзгерістерге бейім болуы қажет деген ойламын.Менің пікірімше, топ ынтымақтастыққa, ауызбіршілікке, сыйластыққа, өзара көмектестікке және өзара оқытуғa жeтeлейтіні сөзсіз. Сөзімнің соңында  Жүсіп Баласұғұн атамыз «Әр бала жұлдыз, оның жарқырауына көмек ет» деген қанатты сөзін айтып кеткім келеді. Ендеше сол жұлдыздарымызды  жарқырата білуде біздер ұстаздар қауымы белсенді жұмыс таныта білейік дегім келеді.

 

 

 

Дулыбаева Каламкас Алпысовна,
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі,
Қостанай  қ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.