Home » Мақалалар » Жастар тәрбиесі – басты мақсат

Жастар тәрбиесі – басты мақсат

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгаршілік – рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Бала тәрбиесі – игілікті іс. Берері де, сұрауы да, жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі.

Осы тәрбиенің бастауы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекі педегог В.Сухомлинский   «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Отбасындағы рухани – адамгершілік білім берудің әдістері ата-аналардың балалардың бойында рухани-адамгершілік сапа-қасиеттердің қалыптасуына бағытталған іс-әрекеттерін сипаттайды. Ата-ана қаншалықты білімді, талапты болғанымен, баланың тұлғалық қалыптасуын, қабілеттерінің дамуын тек өздері мұғалімнің көмегінсіз толық жүзеге асыра алмайды. Бұл міндетті қоғам талабы мен әлеуметтік сұранысқа сай мектеп, кәсіби білікті мамандермен бірігіп атқаруға болады.

Тәрбие мәселелерін зерттеген ғалымдар С.Әбенбаев, С.Б. Бабаев, С.С.Қоңырбаева және т.б. пікірінше, тәрбие әдістерін пайдалануда оларды нақты мақсатқа байланысты іріктеп алу дұрыс. Тәрбие тәжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дәстүрлі әдістерге арқа сүйейді. Алайда, көптеген жағдайларда олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тәрбиеші әрдайым тәрбиенің нақты шарттарына сай келерін көздеп, мақсатын нақтылыап, шешімін табатын әдістерді іздестіруге мәжбүр.

Тәрбие әдістерін құратыру, таңдау және дұрыс қолдану – педагогикалық шеберлік болып табылады. Тәрбие әдісі – көп өлшемді құбылыс, оның жүйеленуіне негіз болар белгілер көп. Солардың арасында аса танымалыларын атап өтейік. Олар:

  • тұлға санасын қалыптастыру,
  • балалардың іс- әрекетін ұйымдастыру;
  • рухани – адамгершілік мінез – құлыққа ынталандыру, т.б.

Тұлға санасын қалыптастыру тобына жататын әдістер: сендіру, әңгімелесу, этикалық сұхбат, әдептілік тақырыбындағы әңгіме, үлгі – өнеге. Бұл топтағы әдістерді қолдану негізінде тәрбиешінің сөйлеу әрекеті маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ата – аналардың аталған әдістерді қолдануы үшін оларды сөйлеу мәдениетін жетілдіруге бағыттаған жөн.

Тұлға санасын қалыптастыру тобындағы әдістерді қолдануға қойылатын талаптар:

  • сөйлеу мәдениеті, қарым – қатынас мәдениеті,
  • ойлау мәдениеті,
  • нақты сұрақ қоя білуі;
  • дәлді –дәлелді тұжырым жасай білуі;
  • әңгіме соңында ойды жинақтап қорытындылау;
  • тыңдау мәдениеті;
  • тұжырымдамалық ойды өмірлік тұжырымдамамен байланыстыру;
  • мақал – мәтелдер, тұрақты сөз тіркестер, даналық нақыл сөздерді қосып сөйлеу;
  • әзілдесу мәдениетін сақтай білу;
  • әдептілік, өзін – өзі ұстай білу;
  • жанжал жағдаятты конструктивті диалогқа айналдыра білу;
  • қимыл мәдениетін сақтай білу (мимика, патомимика т.б.).

Баласағұни бабамыз: «Баланың балалағын тыйдым дегеніңіз, баланың даналығын тыйдым дегеніңіз», — деген екен. Қорыта айтқанда, адам жүрегі кішкентай кезде мейірім мен сүйіспеншілікке толы болып өссе ғана оның жүрегінде қиянатқа, жамандыққа орын болмайды. Өйткені, адамгершілік тәрбиесі – мәңгілік, ол ешқашан да өз мәнін жоғалтпайды.

 

Мускина Айнур Нурлановна,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ
ДБО тренері,
Бейсембай Жансая Еркінқызы,
Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской
мектеп – гимназиясының өзін- өзі тану пәні мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.