3 «г»-сынып (орыс сыныбы)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тақырып бойынша оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеп, сапалы білім беру.
Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын молайту.
Өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: «Өрмекші», «Миға шабуыл»
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: Топаралық, өзін-өзі бағалау.
Қажетті ресурстар: постер, стикер, суреттер.
Сабақ барысы:
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Әдіс-тәсілдер
Ресурстар
Модуль
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу.
- Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
- Оқушыларды тақтаның алдына шығарып, шеңбер құру.
- Мерекелік көңіл күй сыйлау, бір-біріне жақсы сөз айтқызу.
- «Туған күн» модулі бойынша өткен сөздерді қайталау.
Туған күн-день рождения, бүгін-сегодня, туған күніңмен құттықтаймын-поздравляю с днем рождения, дос-друг, сурет саламын-рисую, бояймын-раскрашиваю, здоровья-денсаулық, желаю- тілеймін, добро-жақсылық, қуаныш-радость.
Барлық оқушылар тақтаның алдына шығып шеңбер құрады, қарама-қарсы тұрған оқушыға тақырып бойынша сөзді орыс тілінде айтып жіпті лақтырады, ал қарсы тұрған оқушы сөздің аудармасын айтып басқа оқушыға лақтырады.
- Топқа бөлу
Кәмпиттер арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Оқушылар өздеріне ұнаған конфеттерді таңдайды, сол бойынша топтарға бөлу.
Үш түрлі конфеттер
Үй жұмысы.
Туған күнге арналған тақпақтар жаттап келу.
І. Жаңа сабақ.
«Миға шабуыл» әдісі
Мультфильм — «Маша и Медведь»
Бұл тамашалаған бейнефильмнен не байқадық, не көрдік?
- Бүгін кімнің туған күні?
- Кімдер келді?
- Олар кімді құттықтады?
- Соңында кім келді, не сыйлады?
Кітаппен жұмыс. Сыйлықтар 93 бет. 1-тапсырма. Суретке қара. Тыңда, қайтала.
3-тапсырма. Оқу, сұрақтарға жауап беру.
- Топтық жұмыс. Ойлан. Бірік. Бөліс.
Мәтінмен жұмыс
Үш топқа мәтін беріледі.
1 топ.
Бүгін Юраның туған күні болды. Юраның анасы үлкен дастарқан әзірледі. Туған күнге көп қонақтар келді. Олар: атасы, әжесі, сыныптастары, достары. Юраға сыныптастар әр түрлі сыйлық сыйлады. Аңсар мәшине сыйлады. Юля ашықхатқа тақпақ жазды. Болат әдемі сурет салып әкелді. Анар қызыл раушан гүлін сыйлады. Атасы мен әжесі компьютер сыйлады. Юра қатты қуанды. Туған күн өте қызықты және көңілді өтті.
1-топ. Мәтінді аудар
2-топ. «Тақпақ» сөзін септе. «Достар» сөзін тәуелде. «Сыйла» сөзін жікте
3-ші постер қорғау. Досыма не сыйлаймын? суретін салу, қорғау
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз.
Кел, санайық, ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Балалар іс-қимылдарды қайталау арқылы сергіту сәтін жасайды – тренинг
III. Жинақтау. Қорытынды. Не білдік ?
Балалар бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?
Жаңа сабақта алған білімдерін тиянақтайды, бағалайды.
1-топ. «Бес жолды» өлең
2-топ. Суретпен жұмыс. Сөйлем құрастыру.
3-топ. Ашықхат жазу.
Кері байланыс.
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Егер ұнаса сары конвертке стикерлерге өз ойымызды жазып жапсырамыз, ұнамаса немесе қиын болса жасыл конвертті таңдап, стикерлерге өз ойымызды жазып жапсырамыз.
Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Гаухар Қошайқызы Айтешова
№6 жалпы білім беретін орта мектеп,
Ақсай қаласы,
БҚО, Бөрлі ауданы