Home » Білім және заң » Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу — баршаға міндет

Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу — баршаға міндет

Бүгінгі күні әлем назарын өзіне аударған қауіпті және өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша заң қабылданып, жүзеге асырылуда. Осыдан кейін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі күшейтілді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің жарлығымен сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын бекіткен. Бұл бағдарламаның басты мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа белсене қарсы тұру арқылы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады.
Сондықтан да, Елбасы алға қойып отырған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруға, халық арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр.Сондықтан да құлқынның қамын ойлаған кейбіреулердің теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесіп ымырасыз күрескеніміз жөн.

Осыған орай, Сарыағаш көпсалалы колледжінде білім алушылар арасында «Сыбайлас жемқорлықтын алдын алу жолдары» тақырыбында эссе сайысы болып өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Өтешова Гүлнара, Үшкен Жасұлан, Тұрсынбаев Ерсұлтан үздік деп танылып, соңында колледж білім алушыларынан сауалнама алынды.

 

 

Қыдырбаев Мейржан Қадырқұлұлы,
ОҚО., Сарыағаш ауданы,
Сарыағаш көпсалалы колледжі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.