Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенгттері Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевтың кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы үндеуін қолдап, студенттік форум өткізді.
Форумда ҚазАТУ студенттері Мемлекет басшысының шешімін бір ауыздан қолдап, еліміздің барша студенттері мен жастарын Президенттік сайлауға белсенді қатысуға шақыра отырып, үндеуді қабыл алды.
Іс-шараға Басқарма Төрағасы А.Күрішбаев пен жастар ұйымдарының көшбасшылары, университет студенттері және өзге де құрметті қонақтар қатысты.
Университет ректоры А.Күрішбаев іс-шараны аша отырып, кезектен тыс президенттік сайлау кез-келген елдегі елеулі экономикалық өзгерістердің маңызды қадамы екенін атап өтті. Өз кезегінде ҚазАТУ студенттері 2019 жылдың 9 маусымындағы сайлауға белсенді қатысатындығына және Қазақстан Республиксының Президентіне лайықты кандиднтқа дауыс беретіндігін атап айтты.
С.Сейфуллина атындағы
КазАТУ Баспасөз орталығы