Home » Спорт » Спорт — салауаттылық кепілі

Спорт — салауаттылық кепілі

Аблина К.М., қоғаммен байланыс және
баспа қызметі бөлімінің бас маманы
Адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы;
егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек,
ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек
Әл-Фараби

12-untitled-2-copyОсы айдағы Еліміз үшін ең маңызды оқиғалардың бірі Рио қаласындағы Олимпиада ойындары. Бұл тамаша көрініс және спортшылар туралы әлемнің барлық теле-радиоканалдар мен газет беттерінде ақпарат беруде. Әлемдегі және еліміздегі маңызды оқиғалар туралы кітапхана да өз үлесін қосуда.

2016 жылдың 1 тамызында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» инфотекасында Риодағы олимпиадаға арналған «Спорт — салауаттылық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Мақсаты: көк туымызды желбіретіп, ел мақтанышына айналып жүрген спортшыларымыздың жетістіктерін насихаттау арқылы спортқа қызығушылығын қалыптастыру.

Көрмеде спорттың түрлері және тарихы,  Олимпиадалық ойындардың пайда болу және даму тарихы жайында түрлі әдебиеттер қойылды. Әлемдегі ең күшті, ең жылдам, ең шымыр атлеттар туралы, Қазақстан және әлемдік спорт  жұлдыздары, олардың жеткен жетістіктері мен спорттық мансаптары егжей-тегжейлі айтылады.
Сонымен қатар, көрмеге бокс, футбол, хоккей, күрес және жауынгерлік өнер жайында түрлі әдістемелік кітаптар қойылды және мерзімді басылымдар беттеріндегі материалдар ұсынылды.

Риодағы олимпиада — адамдарды біріктіретін, тамаша спорттық құмар, батылдық және жеңісті қуанышты сәттермен кездестіретін оқиға!

Барлықтарыңызды кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.