Соғыс… Қандай жымысқы, қорқынышты сөз! Қазақ даласында соғыс отының шарпуын көрмеген, қайғысын тартпаған шаңырақ жоқ еді. Бұл оқиға адам баласы үшін ауыр, азапты күндерге айналды.
1941-жылдың 22-маусымында фашистік Германияның Кеңес Одағына опасыздықпен басып кіргеніне осы жылы 72 жыл толмақ. 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыста біздің сан мыңдаған бауырларымыз Отан үшін отқа түсіп, қаншама боздақтарымыз сұм соғыстың құрбаны болғаны – ащы шындық.
Өзім соғыс туралы ойласам, көз алдыма баласы, жарын жоқтап жылаған аналар, әке мейрімін көрмеген балалар, Отан үшін майданда ерлікпен қаза болған жас азаматтар келеді.Соғыс салған жараның орны әлі жазылған жоқ. Сондықтан қанмен, термен, жаспен келген жеңіс – ең ұлы жеңіс, киелі жеңіс, қадірлі жеңіс.
Әкелеріміз бен ағаларымыз осынау қан майданда өздерінің жанкештілік қаһармандығымен басқа ұлттар алдында батырлығымен, қайсарлығымен танылды. Олардың басым көпшілігі ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, халқымыздың ерлік рухын асқақтатты. Мысалы; Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов -1942-жылғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144 — ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800 — ші шабылдаушы авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейінгі бүкіл от — жалынды бастан өткере кешіп өтті. Олардың жасаған ерлігі мен есімдері мәңгі ұмытылмайды. Сол ерліктердің жемісі — Жеңіс.
Жеңіс! Қандай кең мағыналы сөз. «Жеңіс» сөзі бүкіл халыққа бейбіт өмір әкелді, елге тыныштық оралды.
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?!
Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған, қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
Рзабаев Асылбек
Жаңаөзен мектеп-лицейінің
11 «Ә» сынып оқушысы