Соғыс жылдардағы Совет халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбітшілік еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне, совет мектебінің өміріне әсер етпей қоймады. Мектептерде қоғамдық пайдалы еңбекке араласу жұмысы кең өріс алды. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды.
Соғыс жылдарында мыңдаған балалар ата-аналарынан айырылды. Оларға деген қамқорлықты мемлекет өз қарамағына алды. Барлық жерлерде жаңадан балалар үйі ашылды.
Күнбе-күн Қазақстанға балалар тиеген эшелондар келіп жатты. Олардың әкесі майданға, шешесі тылда еңбек етуге кеткен. Бұл балалар үшін Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстарында интернаттар ұйымдастырылған. Балаларды орналастыру үшін мектептер, әкімшіліктер, үйлер босатылды. Жергілікті халық балаларға әкелік мейірімдері мен қамқорлықтарын көрсетті.
Соғысқа кеткен әкелері, ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.
Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары
Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке.
Амандықова Мөлдір
Жаңаөзен мектеп-лицейінің
11 «Ә» сынып оқушысы