Home » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстандық педагогтер жеңімпаздар қатарында

Солтүстік Қазақстандық педагогтер жеңімпаздар қатарында

2017 жылғы 1 мен 30 қараша аралығында информатика пәні мұғалімдерінің арасында үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау, оқыту процесінде ІТ- технологияларды қолдану саласында оқытудың жаңа идеяларын, формалары мен әдістерін тарату бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ мен «Донецк қосымша педагогикалық білім беру республикалық институты» МББҰ ҚПББ, «Білім беруді дамыту институты» МАМ ҚКББ Ярославл облысы, «Білім беруді дамыту Минск қалалық институты» МБҰ бірлесіп  «ХХІ ғасырдағы білім берудің ІТ- технологиялары» халықаралық сырттай байқауын өткізді.

«Өрлеу БАҰО»АҚ  «СҚО ПҚ БАИ»филиалы байқауға ннформатика пәні мұғалімдері мен колледж педагогтерінің  әр түрлі бағыттағы ең жақсы 14 жұмысы жіберілді.

Байкаудың Республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша біздің облысымыздың 10 педагогі жүлделі орынға ие болды:

«Сандық білім беру ресурстарын әзірлеу және оқу процесінде қолдану» бағыты

1 орын Колоколова Е.П., «Пеньков орта мектебі» КММ, Кызылжар ауданы

2 орын Баетова Ж.А., «Дауит орта мектебі» КММ, Кызылжар ауданы

Михайличенко С.В., «Полтава орта мектебі» КММ, Мағжан Жұмабаев ауданы

3 орын Духно А.Л., «М.Айтхожин атындағы №1 орта мектебі» КММ, Петропавл қ.

Сагитов Т.Н., Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі, КМҚМ

«Оқытудың геймификациясы» бағыты

1 орын Кузнецова Л.Г., «М.Айтхожин атындағы №1 орта мектебі» КММ, Петропавл қ.

2 орын Калинина Н.В., «Бірінші қалалық жалпы білім беру лицейі» КММ, Петропавл қ.

«Оқытудың бұлтты және мобильді технологиялары» бағыты

1 орын Сагитова М.М., Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі, КМҚМ

3 орын Евсеева Д.М., «Ильинская орта мектебі» КММ, Есіл ауданы

Білім берудің STEM технологиялары» байқаудың бағыты

3 орын Орлова И.А., «№ 32 орта мектебі» КММ, Петропавл қ.

Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби тәжірибемен алмасуға мүмкіндік бергеніңіз үшін және СҚО педагогтерінің жұмыстарын жоғары бағалағаныңызға байқауды ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз және де халықаралық кезеңнің қорытындысын асыға күтеміз.

 

 

А. Кабдирова,

мониторинг және талдау бөлімінің бастығы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.