Home » Ашық сабақтар » Солтүстік Америка материгінің өзендері мен көлдері. Кулметов Сарвар Юсупжанович

Солтүстік Америка материгінің өзендері мен көлдері. Кулметов Сарвар Юсупжанович

БжС технологиясы бойынша 5 кезең:

Ауызша сабақ 2 картасы:

Үй тапсырмасы:

 1.Солтүстік Америка материгі қай жарты шарда орналасқан? (Солтүстік)

2.Солтүстік Америка материгінің климаттық белдеулерін атаңыз? (Арктикалық, субарктикалық, қоңыржай, субтропиктік, тропиктік, субэкваторлық)

3.Солтүстік Америка материгінде жоқ климаттық белдеу? (Экваторлық)

4.Неліктен субтропиктік белдеуде қар жауады? (Суық ауа массалары Мексика шығанағына дейін жетеді)

5. Неліктен суық ауа массалары Мексика шығанағына дейін жетеді? (Ендік бағытта таулар жоқ)

6. Солтүстік Американың шығыс бөлігіндегі жылы ағыс? (Гольфстрим ағысы)

7. Солтүстік Американың батыс бөлігіндегі суық ағыс? (Калифорния ағысы)

8. Калифорния ағысы қай мұхиттан соғады? (Тынық мұхиты)

9. Гольфстрим ағысы қай мұхиттан соғады? (Атлант мұхитынан)

10. Материкке арктикадан келетін суық ағыс? (Лабрадор ағысы)

11. Калифорния ағысы материкке ене алмайды, себебі? (Кордильер таулары орналасқан)

12. Гольфстрим ағысының материкке ене алмайды, себебі? (Аппалач таулары бар)

13. Ураган дегеніміз не? (Мұхиттан соғатын өте күшті, апатты желдер)

14. Ураган қай жерде қалыптасады? (Атлант мұхиты жағалауында, тропикалық ендіктерде)

15. Ураган жылдың қай мезгілінде байқалады? (Жаздың аяғы мен күздің басында)

16. Материктегі ең үлкен мұзды арал? (Гренландия аралы)

17. Гренландия аралында температура қандай? (-700C)

18. Ураган сөзінің мағынасы қандай? (дауыл құдайы)

19. Материктің климаты қандай? (Алуан түрлі)

20. Солтүстік Америкада ең көп жауын-шашын қай жерге түседі? (Кордильердің солтүстік батысы мен Кариб теңізіне)

21. Торнадо дегеніміз не? (Құйын тәрізді қозғалатын жел)

22. Торнадо қандай апат әкеледі? (Ағаштардың тамырын қопарып, үйлерді қиратып, ірі заттарды көтеріп әкетеді)

23. Торнадоның жылдамдығы қандай? (800 км/сағат)

24. Кордильердің солтүстік-батыс жағалауына жауын-шашынның көп түсуіне не ықпал етеді? (Батыс желдер)

25. Материктің солтүстігіндегі архипелаг қалай аталады? (Канада архипелагы)

Тірек сөздер:

  • МИССИСИПИ
  • МИССУРИ
  • МЕКСИКА ШЫҒАНАҒЫ
  • АТЫРАУ
  • КОЛУМБИЯ
  • КОРДИЛЬЕРА
  • КОЛОРАДО
  • ҮЛКЕН КАНЬОН
  • МҰЗ ҚАМАУЛАРЫ
  • ҮЛКЕН ТҰЗДЫ КӨЛ
  • ҮЛКЕН АЛАП
  • МҰЗДЫҚ ТЕКТОНИКАЛЫҚ КӨЛДЕР
  • ҰЛЫ КӨЛДЕР ЖҮЙЕСІ
  • ТЕННЕСІ
  • МАККЕНЗИ
  • ӘУЛИЕ ЛАВРЕНТИЙ
  • ЭРИ
  • ОНТАРИО
  • НИАГАРА
  • НИКАРАГУА
  • МАНАГУА

                

 

 

Солтүстік Америка материгінің физикалық-географиялық орны

                     Гренландия аралы                                                     Мексика шығанағы                 

                 

Қиылыс сұрақтар:

  • Ішкі суларға нелер жатады? (Өзендер, көлдер, мұздықтар, жер асты сулары, батпақтар)

 

    1. Солтүстік Америка су қоры жөнінен материктер арасында нешінші орында?
    2. (Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейінгі 3 орында)
  • Солтүсік Американың су қорының мол болуының себебі неде? (Биік таулардағы және солтүстіктегі мұздықтардың, жер асты суларының мол болуы)
  • Материктегі өзен жүйелерінің әркелкі таралуы неге байланысты? (Жер бедері мен климатқа)
  • Материктегі өзендер неше алапқа құяды? (Солтүстік Мұзды, Тынық, Атлант мұхиты алабына)
  • Материк өзендерінің көп бөлігі қай мұхиттарға бағытталады? (Атлант мұхитына)
  • Материк өзендері негізі немен қоректенеді? (Жаңбыр және еріген қар суымен)
  • Материктің ең суы мол өзені қандай? (Миссисипи)
  • Миссисипи өзені қай алапқа жатады? (Атлант мұхиты)
  • Миссисипи өзенінің ұзындығы қанша? (6420 км)
  • «Миссипи» сөзі үнділер тілінде қандай мағынаны білдіреді? («Су атасы»)
  • Миссури неліктен «тұнбалы өзен деп аталады»? (Көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі)
  • Теннеси өзені бойынша қанша СЭС салынған? (20-дан астам)
  • Солтүстік мұзды мұхитына құятын ең ірі өзен? (Маккензи)
  • Тынық мұхитының алабына ірі өзенін атаңыз (Колорадо, Колумбия)
  • Ниагара сарқырамасы қайда орналасқан? (Эри және Онтарио өзендерінің арасында)
  • Ниагара сарқырамасының биіктігі қандай? (51 м)
  •  Ниагара сарқырамасының ені қанша? (1200 м)
  • «Ниагара» сөзінің мағынасы қандай? (Гүрілдеуік су)
  • Ниагара сарқырамасының дауысы қанша шақырымнан естіледі? (25 километр)

4 кезең бойынша оқушылар тест сұрақтарын құрастырады.

5 кезең бойынша ЭССЕ жазу арқылы бағаланады. Қойылатын талап 7-сынып оқушылары 5 минут ішінде кем дегенде 63 сөзбен сабақтан алған білімін қорытындылау қажет.

Сабақ өз деңгейінде өтті, оқушылар 63 % дан жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Кулметов Сарвар Юсупжанович

№57 орта мектеп

География пәнінің мұғалімі

Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.