Home » Ашық сабақтар » Сиқырлы пішіндер  

Сиқырлы пішіндер  

Білім беру саласы: Таным. 

Білім беру бөлімі:  Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр-түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой — өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Аралас сабақ: Айналамен таныстыру, тіл дамыту, құрастыру сабағы.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, пішіндер.

Құрал-жабдықтар: Ведиопроектор, үнтаспа.

Сабақ барысы: Балалар жарты шеңбер бойымен тұрады.

Амандасу:  Іс- қимылдармен

— Балалар, жылу шеңберіне тұрайық.

Жылулық шеңбері: (Балалар қимылмен көрсетеді)
— Алақанды ашайық,

Күн нұрын салайық.

Жүрек жылуын салайық.

Жиналған жылу шуақтарды,

Қонақтарға шашайық.

(музыка әуенімен видеопроектордан дыбыс естіледі де, ханшайым көрінеді. Балалар бұрылып амандасады)

Микки Маус: — Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар: — Сәлеметсіз бе?

Микки Маус: — Мен сендерді «Сиқырлы пішіндер» әлеміне шақырамын.

Тәрбиеші: — Балалар, «Сиқырлы пішіндер» әлеміне барғыларың келе ме?

Балалар: — Иә.

Тәрбиеші: — Ал қандай көліктермен барғыларың келеді?

Балалар: — Поезбен.

Тәрбиеші: — Жарайды. Ендеше, поезбен барайық. Ал кеттік.

Бәрі шеңбер бойымен жүріп, музыка әуенімен:

 

Қимылды ойын:

«Поезд» Тіл ұстарту жаттығу.
Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті үдеттік.
Гу-гу, гу-гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.
Тәрбиеші:
— Қане, балалар, тоқтайық. Пыш-ш-ш.

— Балалар, біз міне «Сиқырлы пішіндер» әлеміне де келіп қалдық. Қане, поездан түсейік.

— Ой, балалар, әртүрлі пішіндерді қараңдаршы. Өздері сөйлейді. Сиқырлы пішіндерге қандай пішіндер жатады екен, сұрап, көрейікші:

— Сен қандай пішінсің?

Мен шаршымын.

Төрт жағым бар.

Төрт жағым менің бірдей.

 

 

 

Кел, ойнайық, балақай

 

Біз солай.

 

Тәрбиеші:

 Неге төртбұрыш дейді екенбіз, қанекей төртбұрыштың қабырғаларын, бұрышын санайық. (санайды) Төртбұрыштың түсі қандай?

 

Үшбұрыш: 
-Үшбұрышпын, үшбұрышпын,    
Үш қабырғам бар бұрышпын,
Төртбұрыштан аз болсам да,
Орны бөлек үшбұрышпын.
— Ал, үшбұрышты неге үшбұрыш дейді екенбіз, бұрыштар мен қабырғаларын санайық. Үшбұрыштың түсі қандай екен?

 

Дөңгелек: 

— Домалақпын, домалақпын,
Дөңгелек боп домаладым.
Ай сияқты, күн сияқты
Шар сияқты домалақпын.

—  Дөңгелектің бұрышы бар ма?

— Пішіннің түсі қандай?

І. Тәрбиеші:

 Балалар, осы пішіндерді қоршаған ортамен салыстырайық. (ведиопроектордан пішіндерге ұқсайтын заттарды атап, таяқшамен көрсетеді)

 Тәрбиеші: Балалар осы сиқырлы пішіндерді Мини алып келген екен. Енді оның бізге тапсырмасы бар екен.

Ойын. Он саусақ

Шарты: Балалар құмға саусақтарымен пішіндерді сызу

Сергіту сәті

  • Кәне , кәне тұрайық
  • Үлкен шеңбер құрайық
  • Тұрсақ енді шеңберге
  • Алақанды ұрайық
  • Бишілердей бұралып
  • Дөңгелене тұрайық

 

ІІ. Тәрбиеші:

 Балалар, Минидің тағыда бір тапсырмасы бар екен. Бәріміз тапсырманы орындап өзіміздің қандай ақылды  екенімізді дәлелдейик.

Ойын:  Орнын тап

Шарты:  Сызбаға қарап пішіндің орнын тауы жапыстыру.

   

  

Тәрбиеші тексереді.

 «Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды

  1. Тәрбиеші: — Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.

Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?

Тәрбиеші: — Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін төртке топқа бөлінейік. (Балалар төрт топқа бөлінеді). Матадан тігілген пішіндерді алып:

1-топ: Пішіндер

— Үй қандай пішіндерден тұрады?.
— Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.

2-топ: Құрт

— Құрт қандай пішіндерден тұрады?

— Төрт дөңгелектен тұрады.

— Үлкен, орташа, кіші, одан да кіші, кішкентай дөңгелектен тұрады.

3-топ: Машина

— Машина қандай пішіндерден тұрады?
— Тік төртбұрыштан, шаршы, екі дөңгелектен тұрады.

Тағы не құрастыруға болады?

Микки мен Мини: 

— Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.

Енді соңғы тапсырмамыз шеңбер құрып өзіміздің «Тип- топ» биімізді билейік

(“Тип-топ” әніне балалар билейді)
Тәрбиеші:

— Жарайды, балалар, Микки Маус және Мини мен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:
— Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу-гу, гу-гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.

Сабақ аяқталды.

Тәрбиеші тексереді.

 «Ойыншықтар» әнін музыка әуенімен балалар ойыншықтарын алып, қимыл көрсетіп айтады.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.

Ойыншықтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен құлыншақ,

Ұйықта десең ұқпайды

  1. Тәрбиеші: — Балалар,  біз мына  пішіндердің көмегімен көптеген заттарды құрастыра алады екенбіз.

Ал сендер құрастыра аласыңдар ма?

Тәрбиеші: — Балалар, құрастырып көрейікші. Ол үшін төртке топқа бөлінейік. (Балалар төрт топқа бөлінеді). Матадан тігілген пішіндерді алып:

1-топ: Пішіндер

— Үй қандай пішіндерден тұрады?.
— Төртбұрыштан, үшбұрыштан тұрады.

2-топ: Құрт

— Құрт қандай пішіндерден тұрады?

— Төрт дөңгелектен тұрады.

— Үлкен, орташа, кіші, одан да кіші, кішкентай дөңгелектен тұрады.

3-топ: Машина

— Машина қандай пішіндерден тұрады?
— Тік төртбұрыштан, шаршы, екі дөңгелектен тұрады.

Тағы не құрастыруға болады?

Микки мен Мини: 

— Балалар, барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет.

Енді соңғы тапсырмамыз шеңбер құрып өзіміздің «Тип- топ» биімізді билейік

(“Тип-топ” әніне балалар билейді)
Тәрбиеші:

— Жарайды, балалар, Микки Маус және Мини мен қоштасып, поезға отырып тобымызға барайық.

Балалар:
— Пыш-пыш, пыш-пыш біз кеттік,
Жүрісті біз үдеттік.
Гу-гу, гу-гу гуілде,
Қалып қойма біріңде.

Сабақ аяқталды.

Розбаева Нигора Насруллаевна

«Айша-Биби» бөбекжай-балабақша тәрбиешісі

                                                   Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы

                                                   Қарнақ ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.