Home » Жаңалықтар » Семинар-тренинг 

Семинар-тренинг 

«Жезқазған қаласындағы №13 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ 2018 жылы қазан айының 31-ші жұлдызында «Жаңартылған білім берудегі бағалау-жетістікке жетудің негізі » тақырыбында ата-аналарға семинар-тренинг өткізілді. 5 «Ғ», «Д», «Ж» сыныптың ата-аналары белсене қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты –ата-аналарды инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізілуімен таныстыру.

Семинар-тренингке 5 «Ғ», «Д», «Ж» сынып жетекшілері Қарлығаш Қапанқызы, Ақнұр Бақтыгелдіқызы, Ғайни Жолбарысқызы және мектеп тренері Рая Даулетовна қатысты. Семинар-тренингті мектеп тренері Рая Даулетовна ашып, семинар-тренингтің мақсат-міндеттерімен таныстырып өтті.

Семинар-тренинг барысында білім беру жүйесінде жаңартылған бағдарлама – білім берудің жаңа мазмұны, критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау мен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалаудың тиімділігі, зерттеулер мен талдаулар бағытындағы жұмыстар, өзгерістер, жаңалықтар талқыланды.

Семинар-тренинг мұғалімдердің сабақта оқушылардың білім жетістіктерін бағалау дағдыларын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жұмыс барысында оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың түрлі тәсілдері зерделеніп, мұғалімдер мен оқушылар үшін критериалды бағалаудың маңыздылығы айқындалды.

Ата-аналарға кенестер де берілді             

 Егер:

Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.

Баланы  мақтап отырса ол өз қадірі үшін оқиды.

Бала төзімділікте өссе, ол  басқаларды түсінуге үйренеді.

Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді.

Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.

Бала кекшілідікте өссе, ол қатыгез болып өседі.

Бала түсінікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Егер сіз балаңызды жақсы көргіңіз келсе…

Бірінші кеңес.

Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала өзіне де не керек екенмін деген сезімде болуы, басқаларды құрметтеуді ұғыну жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген кейбір жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.

Семинар қорытындысында қатысушылар бағалау критерийлері мен дескрипторлар аясында пікір алмасып, қызу талқылауға ата-аналар белсене қатысты.

Рахметова Ғайни Жолбарысқызы

Тарих пәнінің мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.