Біздің бөбекжайда «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында «Парасат» кәсіби қоғамдастығының қалалық деңгейде бірінші рет өткізіліп отырған «Сахналау әдіс – тәсілдері» атты семинар – практикум өтті, Қалалық білім бөлімінен, театрдан қонақтар шақырылды. №7,12,13,14,15 бөбекжай директорлары, әдіскерлері және ұстаз-тәрбиешілері қатысып тәжірибе алмасты. Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру арқылы, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрете отырып, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу болып табылады демекпін. Бүгінгі семинар – практикумымызды өзіміздің №14 «Балдырған» бөбекжайының директоры Айгүл Дюсенбайқызы сөз сөйлеп ашып, бөбекжайымыздың педагог-психологі Булегенова Маржан Қайратқызы таныстыру-жылулық шеңберімен көзге түсе білді. Сіздер сияқты көрермені мен әрбір жаңа жүздесуінде сахналық өнер қайта жаңғырғандай болады. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде сахна, яғни театр ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар, ойын – қойылымдары болып саналады. Өйткені, олар әдеби шығармалар ретінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді – дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Бағдарламада көрсетілгендей келесі «Қуыршақ театры» — қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі. Қолға киіп ойнайтын — «Киілмелі», жіп немесе сым арқылы қозғалатын «Сылдырмақты», «Суретке түсірілген қуыршақтармен»- қағаздағы қуыршақ кескінің экранға түсіретін ойын көрсететін театрлар т.б. ортаға №7 «Айгөлек» бөбекжайын ұстаз-тәрбиешілері, Қуыршақ театры «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай» сахналады. Сәбилер тобынан бастап балаларға өлең – шумақтарын қысқа өлеңдерді, көркем сөздер әсер ету үшін үстел үстілік театрды қолданамыз, оның бірнеше түрлері бар: олар қораптардан, цилиндр, конустардан, таяқшалардан жасалған театрлар. Бұл көріністі №12 «Салтанат» бөбекжайының ұстаз-тәрбиешілері «Үстел үстілік» — ойыны «Шұбар тауық», «Үйшік» көрсетті. «Көлеңке театры» — жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарайды. Балалар өте жақсы көреді. Ертегі әңгіме, өлең әңдерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. №13 «Ертөстік» бөбекжайының ұстаз-тәрбиешілері сомдап көрсете білді. Осыдан кейін келген қонақтар көңілін, сергіту сәтіне кезек беріп, бөбекжайымыздың дене шынықтыру пәнінің жетекшісі Құлжабаева Марина Тезекбайқызы әуен қоя отырып, «Салауатты өмір — денсаулық кепілі»- деп бойларын бір серпілтіп, ширатып алды.
Балалар 4-5-ке қараған жасында театр іс-әрекеті үрдісінде, рөлдерді орындау барысында өзіндік жеке ерекшеліктерді енгізуге белсенді ұмтылады. Қарапайым шығармалардан кереметтей сахналық көрініс жасауға болады. Сахналық жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі білу, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Рөлді ойнау арқылы бала жағымды-жағымсыз қасиеттерді ажырата біледі, ой өрісі дамиды. №14 «Балдырған» бөбекжайының ұстаз-тәрбиешілері «Жеті лақ» ертегісін ағылшын тілінде жүргізіп сахналады. Сәби шақтан бастап-ақ, балаларға саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, ынтасын арттыра, қабілетін дамыта шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ қимыл- қозғалысына қарай бала қуанады, шаттанады, өлең шумақтарын қайталап, сөз айтуға тырсады. №15 «Гүлдер» бөбекжайының да ұстаз-тәрбиешілері бала саусағын ойната отырып, тілін дамыта «Күшік, мысық және тышқан» ертегісін көрсетті. Семинар-практикумымызды ашқан біздің «Балдырған бөбекжайының ең кішкентай қатысушы бүлдіршіндеріміз ІІ кіші «Б» «Бауырсақ» тобы болатын. Олар қараша айында өткен бөбекжай ішілік 6 топ аралығында, яғни ІІ кіші топтар, ортаңғы топтар және ересектер топ араларында «Ертегілер еліне саяхат» атты үлкен сайыста, бас жүлдені «Мақта қыз бен мысық» атты ертегісімен жеңіп алған болатын. Жас ерекшелігіне қарамай, келген қонақтарымызға көтеріңкі көңіл сыйлап, жастық шақтарына бір оралтып апарып келгендей болды. Қорыта келсек, ертегі кейіпкерлерінің рөлдерінде ойнап, кейіпкерлердің сөздерін жаттап алу арқылы балалардың тілдері дамып, сөз байлықтары молайып, ой-өрістері дамып, кеңейтіп, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге талпынып отырады.
Кисибаева Светлана Кундизбаевна,
КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжай әдіскері,
Жезқазған қаласы