Home » Ашық сабақтар » Жемістер мен көкөністер патшалығында. Касенова Алина Сериковна

Жемістер мен көкөністер патшалығында. Касенова Алина Сериковна

— Уәзір Нұрасыл:

Жарлық: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Жемістер мен көкөністер бір ортаға жиналыңдар!

Біздің патшалығымызда патша жарлық шығарды.

Жарлығын оның тыңдаңыздар!

Балалар залға кіріп, вальс билейді.

Би: Вальс

Уәзір Нұрасыл: Патшамызды қарсы алыңдар! (балалар орындарынан тұрып қол шапалақтайды).

Патша жарлық айтады: Биылғы жылы жеміс пен көкөністің ең үлкені және жақсы піскенін менің алдыма, дастарханыма қойылады!

Шаруалар:

Александр: Бауырлар, патшаның жаңа жарлығын естідіңдер ме?

Ерасыл: Жоқ, мен естімедім. Ол қандай жарлық?

Азамат: Биылғы жылы жеміс пен көкөністің ең үлкені және жақсы піскенін патшаның дастарханына қойылады!

Алдияр: Біздің өніміміз жақсы болып өсуі үшін не істеу керекпіз?

Айбар: Жерімізді жақсылап өңдеп, өнімізді сеуіп, күтіп, баптауымыз керек.

Ернар: Ендеше не тұрыс, бәріміз бірігіп еңбек етейік!

Би: «Шаруалар»

Амина: Патшамыздың жарлығы күшіне еніп, шаруаларымыз бүгін алғашқы өнім екті.

Азиза: Олай болса, шаруаларымыздың көңілін көтеріп, бір ән салып берейік.

Ән: «Күзде»

Би: «Өнімнің көктеуі»

Айару: Еңбегінен еңбекшінің,

Міне өсіп келеміз.

Айша: Жер ананың берген сыйын,

Бойымызға аламыз.

Зере: Арайлап таң атады,

Күн шуағын шашады.

Камшат: Ыстық аптап, жел өтінде,

Шөлдеп тұрған кезінде.

Кәусар: Бұлттар жөңкіп көшеді,

Жаңбыр болып төгеді.

Жаннера:   Құнарлы жерден нәр алып

Өніп, көктеп келеміз!

Аянұр:     Осылайша міне біз.

Өсіп-өніп келеміз!

Раяна:     Жемістерді күзде біз,

Молынан төгіп береміз.

Ән: «Балдырғандар әні»

Жәндіктер:

Марат: Тс-с-с, тыныш, менің соңымнан жүріңдер.

Аңсар: Шаруалардың өнімдері өсіп шығыпты.

Әли: Біздің көптен күткеніміз де осы емес пе?

Елнұр: Кеміріп, тесіп, тойып жеп қайтпадық па?

Абылай: Ендеше оларды бұзуға асығайық!

Би: «Жәндіктер»

Тәрбиеші: Балалар, біздің жаңадан көктеп келе жатқан өнімдерімізде зиянкес жәндіктер пайда болыпты, оларды қалай құтқаруға болады?

Балалар хормен: Уақытында суарып, дәрумендерін сеуіп, арам шөптерін жұлу керек.

-Патша: Менің жарлығымның уақыты жетті, өнімдерің пісіп жетілді, міне күз мезгілі де жетті.

-Уәзір: Ия патша, дұрыс айтасың. Міне күз өзімен бірге жемістер мен көкөністер алып, алдыңызға келіп тұр.

Күз: Патша, сіздің жарлығыңыз орындалып, барлық жемістер мен көкөністер үлкен әрі дәмді болып пісіп жетілді. Барлығы әрбір үйдің дастарханына қоюға дайын.

Жемістер мен көкөністер

  1. Сәбіз: Көкөніс бұл қалаулы, жасамас онсыз палауды .
  2. Қызылша:Ақ түсім бар-қант алар, қызыл түсім бар-қанға нәр.

3) Алма: Мен Алматы апорты, алқызымын, тәттімін.

4) Жүзім: Жүзім пісті үлбіреп, үзіп жейміз бір-бірлеп.

5) Пияз: Асханадан шықпаймын, тұмаудан бірақ сақтаймын.

6) Қырыққабат: Дәруменге толы бойымда, қырыққабат тонымда.

7) Шие: Шие пісіп төгілді, балалар жеп көңілді.

Би: «Жеміс пен көкөніс»

Адина: Күз мерекесіне арнап бір әдемі ән салайық.

Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші: Осымен ертеңгілік аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

Балалар хормен: Сау болыңыз!

Касенова Алина Сериковна,

КМҚК №147 бөбекжай — балабақшасы

Музыка жетекшісі, Алматы қаласы,

Түрксіб ауданы

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.