Шамшатова Айжан Оразқожақызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№70 «Құлыншақ» балабақшасы,
«Балауса» мектепалды даярлық тобы
ІІ санатты тәрбиеші.
Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Сауат ашу, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Сурет салу, Қоршаған ортамен таныстыру.
Мақсаты: Балалардың көркем әдебиетке қызығушылыққа тәрбиелеу. Отанды сүюге , елімізді қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жұмбақтар арқылы балалардың логикалық есептер арқылы сөйлеуге, сөздерді буынға бөлуге, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Шаттық шеңбер:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар,
Қайырлы таң қонақтар.
Мен анамдай боламын.
Жарайсыңдар балалар.
Балалар бүгін аптаның қай күні? (Бейсенбі)
Кеше қандай күн болды? (Сәрсенбі)
Ертең қандай күн болады? (Жұма)
Жарайсыңдар балалар.
Балалар, бір аптада неше күн бар? (7 күн)
1 жылда неше мезгіл бар? (4 мезгіл)
Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
Көктем мезгілінде неше ай бар? (3 ай)
Қазір нешінші айы атап атайық. (Мамыр)
Жарайсыңдар балалар! Енді осы көктем мезгілі туралы кім өлең шумақтар айтады? ( Жандос, Райана)
Жандос: Тамшы,тамшы, тамшылар,
Көгерді ағаш тал шынар
Тамшылардан өнетін,
Тамаша гүлдер бар шығар.
Айзере: Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.
1 тапсырма.
Дауысты , дауыссыз дыбысты ажырату керек. Дыбыстық талдау жасау керек.
Балалар, дыбысты біз көреміз бе, естиміз бе? (Естиміз)
Дыбыстар нешеге бөлінеді? ( 2 – ге )
Дауысты дыбыстар қалай айтылады?(Кедергісіз)
Дауысты дыбыстарды атап беріңдер? (А,Ә,О,Ө,Ұ,Ү,І,Ы,Й,У)
Дауыссыз дыбыстарды атап беріңдер? (Б,Ғ,Т,П,Р,С)
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қалай ажырата аламыз? (Дауысты дыбыс қызыл түспен дауыссыз дыбыс көк түспен белгілейміз).
Балалар сөз дегеніміз не? Сөз неден құралады? (Дыбыстан)
Ал, сөйлем неден құралады? (бірнеше сөзден)
Көктем сөзі неше буыннан тұрады? (2 буыннан)
2 тапсырма.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінен.
Табақта бес алма
Қолымда екі алма,
Қосқанда барлығы
Болады неше алма?
Бір алма апама,
Бір алма атама,
Екі алма беремін
Анам мен әкеме
Нешеуі қалады табақта? (үшеу)
3 тапсырма.
Балалар біздің топқа қараңдаршы, бұрышымызда табиғат бұрышы бар ия. Табиғат дегеніміз не?
(Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта)
Табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге. Өлі және тірі табиғат)
Осы табиғат бұрышында тірі табиғат көріп тұрсыңдар ма? Оларға нелер жатады? (Балық, адамдар, гүлдер, ағаштар)
Ал, өлі табиғатқа нелер жатады? (су, тас, күн, бұлт, топырақ)
Жарайсыңдар балалар!
Сергіту сәті:
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Ойын: «Артық сөзді ата»
- Қыс, жаз, таңертең,көктем, күз.
- 1,2,3,4 түс,5,6,8
- Аю,қасқыр,мысық, қоян, түлкі.