Home » Мақалалар » «Сатылай кешенді оқыту» — білім мен ғылым жолында

«Сатылай кешенді оқыту» — білім мен ғылым жолында

Биылғы жылдың желтоқсан айының 5-і күні Талғар аудандық білім бөлімі мен Талғар қаласындағы №49 жалпы білім беретін орта мектебінің ұйымдастыруымен Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын білім беру жүйесіне енгізу жолдары» тақырыбында облыстық семинар болып өтті.

Семинардың мақсаты: «Білім алушылардың пәндер бойынша бәсекелестік қабілетіне жол ашу,ғылыми-танымдық белсенділігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды бағалай  білуге баулу».

Семинардың міндеттері :

1.Сатылай кешенді оқыту» технологиясының өзегі- Алаш зиялыларының педагогикалық  тұжырымдары екендігіне көз  жеткізу;

  1. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы оқушылардың тыңдау,сөйлеу,айту,жазу әрекеттерінің сауатты қалыптасатындығына ашық сабақтар ұсына отырып,семинар тыңдаушыларының назарын аудару;
  2. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын бірнеше пәнді оқыта отырып,оқушыларға жоғары сападағы білім берудің әдіс-тәсілдерін ұсыну.

Семинарға Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті,Филология институты, қазақ тілі теориясы  және әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Кіші Ғылым Академиясының вице- президенті, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент – мүшесі, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының  авторы, Райымбек ауданының «Құрметті» азаматы- Оразахынова Нұрша Алжанбайқызы бастаған құрметті қонақтар — «Басқару мен білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы,педагогика ғылымдарының кандидаты — Валиева Майра Уалиқызы, «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының оқытушысы –Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызы,  академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы,профессор — Есенова Қалбике Өмірбекқызы,Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университет, «Мансап» орталығының басшысы,педагогикалық бағыт бойынша магистранты — Жетібай Рахымберді Қажығалиұлы, педагогика ғылымдарының докторы,профессор – Кенжебаева Гүлдариға Мерекебайқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты,аға оқытушы – Рауандина Айжамал Калкеновна, филология ғылымдарының кандидаты,аға оқытушы – Есіркепова Гүлмира Ербатырқызы, филология ғылымдарының кандидаты ,аға оқытушы – Асқарова Гаухар Сарыбайқызы, аға оқытушы – Сейталиева Қарлығаш Орынқызы келді. Сонымен бірге семинарға аудан мектептері-№11 мектептен 7,№41 мектептен -13,№22 мектептен -11, №12 мектептен — 5, №15 мектептен -7, барлығы-40-қа жуық әр  пәннің  ұстаздары келіп,қатысып, тәжірибе алмасты.

№49 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Асанова Алмагүл Махамбетиярқызының тікелей басшылығымен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі  орынбасары — Бектұрғанова Сәулеш Ұзақбайқызы, мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары –Көшербаева Света Сейдакпаровна, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Узбекова Гүлнұр Бақытқызы келген қонақтарды құшақ жайып қарсы алып, мектептің акт залына — семинардың  ашылуы салтанатына бастап апарды. Семинардың ашылу салтанатын мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – Абашова Гүлзамира ашып,келген қонақтарға шын жүректен алғысын білдірді және  семинардың маңыздылығы мен өзектілігіне тоқтала отырып, қонақтарға деген ыстық лебізін өлең жолдарымен өрнектеді. Қонақтарға шашу ретінде 8 «б» сынып оқушысы Қонысбаева Мөлдір «Қазақ елі осындай» әнін тарту етті.

«Әр мұғалім өзінің бағыты мен қойған мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұраныстарына ,ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияны таңдай білу қажет»-деп,белгілі ғалым-ұстаз М.М.Поташник айтпақшы, осы орайда бүгінгі семинардың өтуіне тікелей себепкер әрі «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының авторы ,Алаш зиялыларының мұраларын жалғастырушы ,төл технологияны дамытушы Оразахынова Нұрша Алжанбайқызына сөз берілді. Нұрша Алжанбайқызы өз сөзінде сатылай талдаудың оқушылар үшін,ұстаздар үшін,ата-аналар үшін , әрине жалпы халық үшін тиімділігі мен маңыздылығына және бұған алаш  зиялыларының еңбегі өлшеусіз екеніне  ерекше тоқталып өтті және бүгінгі ашық сабақ көрсететін ұстаздарға сәттілік тіледі.  Ендігі кезекте ортаға Отанға байланысты өлеңдерімен 1 «а» сынып оқушылары шықты.Оқушылар сахнаға шеңбер құрып тұрып, «Неге?» деп аталатын ойын ойнау арқылы «Отан» сөзіне дыбыстық мінездеме береді. Балалар бұл технологияның тиімді екенін өздерінің талдаулары арқылы тағы бір дәлелдеді. Мұғалімі – жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Сасанова Жанна Мұхаметкәрімқызы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша бір бастауыш сыныпты аяқтатып, енді екінші рет  1 «а» сыныбын алып отыр. Сатылай кешенді талдау – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп,қажетті шеберлік пен дағдыны меңгертумен ғана шектелмейтін,сонымен қатар баланың жан-жақты дамуына,ойлау,есте сақтау,қиялдау,елестету сияқты  басқа танымдық –психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған ,қазақ тілінде ойлайтын,қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі. Осы мақсатта сатылай кешенді талдау технологиясын пайдалануды енді ғана бастаған мектебіміздің 2 «а» сынып оқушылары – Еркінқызы Аружан, Жеңісбек Диас,Асан Арайлым, Бақытжанқызы  Кәусар  сахнаға шығып ,талдау жасады. Мұғалімі – бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі – Тобажанова Әлия Мырзаханқызы осы технологиямен жұмыс істеуді жаңадан қолға алып отыр.Семинардың ұйымдастыру бөлімінің шымылдығын 11 «а» сынып оқушысы Өмірбай Асхат «Жаса,қазақ!» әнімен жапты.

«Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін: білімді де зерделі,жан-жақты дамыған дарынды ,қабілетті ұрпақ керек»-деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, семинарымыздың екінші бөлімі –«Сатылай кешенді оқыту» технологиясын білім беру жүйесіне енгізу жолдары» тақырыбына арналған сабақ үлгілерін көрсету мақсатында келген қонақтарды топ-топқа бөліп, әр кабинетке ұйымдастырып апарып, қонақтардың көңілін тауып жатқан – директордың әдістеме жөніндегі орынбасары Көшербаева Света Сейдакпаровнаға алғысымыз шексіз. Келген ұстаздар әр түрлі пән иелері болғандықтан, оларды өзінің пәніне сәйкес сабақтарға қатысуын басты назарда ұстап, қонақтардың көңілінен шығып жатты.

«Жүз рет естігенше,бір рет көр» демекші, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясын  қалай жүзеге асырып жатқандарын көрсету мақсатында мектеп ұстаздары әр сыныппен әр пән бойынша ашық сабақтар көрсетті. Жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі, осы технология бойынша 6-сыныпқа арналған «Математика әлемі» таңдау курсы(әдістемелік, жұмыс дәптері) , 7-сыныпқа арналған «Алгебра әлемі» оқулықтарының авторы – Құрманалиева Ардақ Тұңғышбайқызы 10»а» сыныппен «Тригонометриялық теңдеулерді шешу» тақырыбында, жоғары санатты математика пәнінің мұғалімі- Таджибаева Абадан 8 «а» сыныбымен « Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу» тақырыбында ,жоғары санатты  мұғалімдер: тарих пәнінің мұғалімі Бекмұханбет Айман Сәрсенбайқызы физика пәнінің  мұғалімі Қатуакенова Батима Айтахметқызы, математика пәнінің мұғалімі Кундукова Жанаргүл Манапқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қыдырғожаева Құралай  Әділқызы – төртеуі 7 «а» сынбымен «Тең бүйірлі үшбұрыш» тақырыбында кіріктірілген сабақ, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Уалибаева Нұргүл Сағынбайқызы 9 «а» сыныбымен «Шалкиіз жыраудың «Би Темірге бірінші толғауына» және қазақ тілінен берілген құрмалас сөйлемге толық сатылай кешенді талдау» сабағын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен кіріктірілген сабақ, жоғары санатты бастауыш сынып мүғалімі Бұйдахан Зоя 4 «а» сыныбында «Біріккен сөздер» тақырыбында ашық сабақтар  өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Келесі үшінші бөлімде келген қонақтар сөз сөйлеп, мектеп ұжымына,мектеп әкімшілігіне, ашық сабақ көрсеткен ұстаздарға өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдірді. Аудан мұғалімдері шынымен де сатылай оқытудың тиімділігіне көздері анық жеткенін ,ашық сабақтардың өте жоғары деңгейде өтілгенін,бүгінгі семинардың өздері үшін өте маңызды ,өзекті болғанын, семинардың  өте жоғары дәрежеде  ұйымдастырылғанын, осындай маңызды, мұғалім үшін де, оқушы үшін де мағынасы өте терең семинарлар өтіп тұруын айтып тарқасты.

Иә, бұл біз үшін де, біздің мектеп ұжымы үшін де ,шәкіттеріміз үшін де берілген шынайы, жоғары баға еді.

«Қазақ тілі- ғажап тіл . Оның болашағы да – ғажап.Тек оны насихаттай білу керек»- деп Елбасымыз айтқандай, білімнің негізі, өмірдің жемісі- ұлттық құндылығымыз, рухан байлығымыз –ана тілімізден бастау алмай ма!? Олай болса, анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміз арқылы, елім деп еңіреп өткен Алаш  зиялылары қалдырып кеткен төл технологияны ұрпақ санасына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстазымыз Оразахынова Нұрша Алжанбайқызына айтар алғысымыз шексіз.

 

 

 

Көшербаева Света Сайдакпаровна,
Алматы облысы, Талғар қаласы
«№49 жалпы білім беретін орта мектебі» МКМ

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.