Home » Мақалалар » Сапалы білім мемлекеттің дамуы!

Сапалы білім мемлекеттің дамуы!

Күшіне емес, біліміне сенетін, ақылы — дария, ойы — теңіз ұрпақ- біздің жарқын болашағымыз!
Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет және білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс – деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы; Сапалы білім- мемлекетіміздің дамып, болашақ ұрпақтың жарқын өмір сүруінің кепілі.

Әлемдегі өзгерістерді жеке тұлғаның бойына қалыптастыру дағдысы –бүгінгі ұстаз еншісінде.

Жаңашылдыққа жаным құмар. «Үйрен де жирен» демекші, өмірде кез – келген сәттен ләззат ала білуіміз қажет. Көрген білгенімізді көкірекке түйіп өзгемен бөлісе білу – еткен еңбегіңнің рахатына бөлену. Осы орайда, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі тәжірибе алмастыру семинарларының маңызы зор!

Басшы ретінде алға қойған міндетім; мектеп оқушыларының терең білім алуын, әлемдегі өзгерістерге дайын болуын, көшбасшылық қабілеттерінің артуына ықпал ету.

Қазіргі таңда сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың өз ойларын ашық жеткізуіне жете мән беру керек. Ой тасқыны ақтарылғанда, тапырақ сөздің қалпағын ұшыра білу- үлкен өнер. Өзін және өзгені дұрыс бағалауға дағдыландыру.Осы табыс критерийлерін іске асыру барысында кедергілерді жою арқылы біршама жетістіктерге жетуге болады.Сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын топтық немесе жұптық жұмыстармен ұйымдастыруда ынтымақтастық қарым-қатынас орнай түспек. Бағалау сәтіндеәділеттік орнатып,сыныптастарының жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін саралай отырады. Өз идеяларын ұсына отырып, қосымша материалдарды, маңызды құжаттарды жинақтап үйренуі, ізденуі — сабақ барысындағы ынталарының артуына себеп болары анық. Оқушылар топтасып жұмыс жүргізуде ойларын жинақтап жеткізуге әлі де дағдыланбағанын түсіндім. Күшті білімге жұмсап, білімді кітаптан алуға жол сілтеп, білімді санға емес, сапаға бағыттау –басты міндетіміз!

Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда білімі мен біліктілігін ұштастыра білген тұлға — баға жетпес асыл қазынамыз!

Торыбаев Ғалымжан Заханұлы
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы Атакент кенті
№ 9 Жалпы орта мектеп директоры

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.