Home » Мақалалар » Сапалы білім беруде озық инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту  

Сапалы білім беруде озық инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту  

Қазақстан тәуелсіздік алып, тарих мемлекеттік дәрежеге көтерілген жағдайда білім беру жүйесі одан әрі дами бастады. Білім беру жүйесі қазіргі заман талабына сай үйлесімді болуы тиіс. Білім мектептен бастау алады. Ал мектептегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім — оқушыларға бағыт-бағдар беруші тұлға. Бүгінгі таңға дейін күнделікті сабаққа дайындалып, үй тапсырмасын тексеріп, сабақ түсіндіріп, жаттығулар орындап, бекітіп келдік. Қазіргі жаһандану заманында білім саласына үлкен өзгерістер енді. Осы өзгерістер негізінде ең алдымен сыныбымдағы оқушыларды қадағалаудан бастадым. Ол үшін мен сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құрудан бастағанды жөн көрдім. Себебі әр түрлі деңгейдегі оқушылар болғандықтан мен сол оқушыларды бір-бірімен оданда жақсы қарым-қатынас орнату мақсатын басшылыққа алдым. Сыни тұрғыдан ойлануға үйретуде проблемалық тапсырмаларды түрлендіріп беруді жөн көрдім.

Меңгерген озық инновациялық технологияларды әр сабағымда тиімді қолдана отыра, оқушылардың сабаққа деген назарларын аударып, алға қойған мақсатыма жету үшін жұптық және топтық жұмыстарды атқаруды көздедім. Нәтижесінде оқушылардың кері пікірлері жойылды, оң көзқараста болды. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыра отырып, келесі жұмысыма өзгерісті енгізуімді көздей отыра, мынадай жұмыстарды атқардым. Сабақта белгілі бір тапсырманы беруде, бұрын мен тапсырманы жалпы сыныпқа берсем, енді тапсырмаларды топтарға бөліп, бірін-бірі үйрететін, біріне-бірі ықпал жасайтын жағдай туғызып отырдым. Мысалы, тарихи тұлғалардың ерліктерін анықтауда топқа ортақ тапсырма бергенде, топта оқушылар алдымен жеке жұмыс жасады. Содан кейін жұппен, сосын топта талқылады. Сондай-ақ сабақ үстінде талантты мен дарынды балалар топ ішінде үлгерімі төмен оқушыларға көмек беріп, өздерінен қалдырмай отырды. Топтық жұмыстарда постер, кластер, коллаж, репортаж, интервью жасау кезінде де мен сыни ойлау дағыдыларын дамытуды жүзеге асырдым. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс- әрекетін ұйымдастыруда бірінші сабағымда сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде өлең жолдары арқылы сабақтың тақырыбын анықтады.Оқушылармен сұхбат жүргізу арқылы және кері байланыс әдістерінің қорытындысында өз білімдерін көрсете білді. Осындай әрекеттер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға болады.

Ең алғашқы қадам — әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам-өзгерістер туралы әріптестерінің кеңестері. Егер де келісу мен кеңесу тиімді болса, даму жұмысы жоспар бойынша жүзеге асады. Бұл үдеріс жалпы төмендегідей кезеңдерден тұрады: құндылықтарды анықтау, кәсіби міндеттерді анықтау, дамыту бағдарламасын құру, атқарылатын жұмыстар жоспарын құру, жоспар құруға арналған кеңестер, зерттеуге негізделген көшбасшылықты дамыту, кәсіби білімдердің дамуына әсер ететін қоғамдағы жұмыс.

Оқушы бойында функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады.

Ұлттық жоспардың мақсаты — Қазақстанда білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады. Осыған орай, Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төрт негізгі механизмін бөліп көрсетеді.

Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды талапты қажет етеді. Осы әрекеттердің негізінде мұғалім жоспар құрау керек. Көшбасшылықты дамыту мектепте жаңа білімді қалыптастырады, кәсіби білімнің дамуына әсер етеді. Осыларды үнемі қолданса өзгерістер мен оқытулар, білім берудің жақсартылған әдістері болып табылады. Көшбасшы болу үшін жан — жақты, өзіне деген сенімі мол, ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесі үйлескен, адамгершілігі мол, іскер, еңбекқор, тығырықтан шығудың жолын тез таба алатын, өз ойын жеткізе алатын, сыныптастарын қызықтыра алатын саналы тұлға болу қажет.

Егер де осы жұмыс басынан бастап нәтижелі болса, бұл өзгерістер мектепте де кеңінен қолдау табады. Яғни, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Менің ойымша, бірлесе жасаған жұмыстар өз мектебімде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен қатар басқа да ұстаздардың кәсіби білімінің негізін құрауға көмектеседі деп ойлаймын. Білім арқылы ғана ізгілікті бола алады.

 

Жусупова Меруерт Амангельдыевна,
«Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған
«Білім инновация лицей- интернаты» КММ
тарих пәнінің мұғалімі
СҚО Петропавл қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.