Home » Айтарым бар » Сандық технология мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тетігі – адами капитал

Сандық технология мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тетігі – адами капитал

Білім беру жүйесі – қоғамның әлеуметтік-экономикалық, рухани дамуында маңызды роль атқарады десек, сол білімнің объективтік қалыптасуы мен негізделуі, жүйеленуі аса маңызды шаруа. Әлемдік өркениеттің бағытында даму мен өркендеудің өзіндік ұстанымы қалыптасқан Қазақстан азаматтарының бәсегеге қабілетті білім алуы және ғылым мен білімнің дамуы ең маңызды кезек күттірмейтін мәсәле. Осы себепті де мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өзінің кезекті жолдауында инновациялық дамудың биігіне ұмтылған жас мемлекет Қазақстан үшін сандық технология мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тетігі – «адами капитал» екендігін атап көрсетті.

Адами капитал дегеніміз – денсаулығы мықты, интелектуалдық белсенділігі жоғары, бәсекеге қабілетті біліммен қаруланған, қоғамды алға жетелеуде позитивті ықпалы зор құндылық.

Осы бағытта елбасы 2019-жылдың 1-қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажеттігін атап көрсетіп отыр. Елбасының бұл ойынан түйгеніміз, Қазақстанның білім сапасын көтеру мақсатында білім беру саласындағы жүйелілік пен білім беру стандарты әлемдік стандартқа сай, әлемдік білім бәсекесіне қабілетті болуы шарт. Бұл дегеніміз 2019-2020 жаңа оқу жылында білім қызметкерлері үшін жаңа стандарт енгізіледі, бірақ қазіргі білім беру стандартын түбегейлі өзгерту деген сөз емес, тек бүгінгі күнге дейінгі жинақтаған тәжірибемізді одан әрі жетілдіре түсуіміз қажет, ал білімнің алғашқы баспалдағы балабақшадан басталады.

Расында да, балабақшада тәрбиеленетін балалардың орташа жасы 4-5 жасты құрайды десек, білім әлемінің алғашқы кіріспесін де осы жастағы балаларға оқытуға әбден болады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей баланың генетикалық дамуынан бастап оның дүниеге келуіне дейінгі баланың миы ақпаратты тез қабылдайтын орган. Сондықтан да 4-5 жас шамасындағы балалар әріптер мен сандарды тез қабылдайды. Міне, балабақшадан түлеп ұшып,. алғаш мектеп партасына отыратын жеткіншек бастауыш сыныбының білім алу тәртібіне бейімделіп, одан ары қарай өз бетінше білім алуға ұмтылады деген сөз.

Қорыта айтқанда ұстаздардан табандылық пен жаңашыл ізденісті талап ететін білім берудің жаңа инновациялық дәуіріне басқалы тұрған қадам қазақ елін дамудың ең биік шыңына көтеруі тиіс. Осы ретте орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинскийдің сөзімен түйіндесек, қазіргі заман талабына сай әр ұстаз өз білімін жетілдіріп, бірсарынды сабақтардан гөрі әрбір оқу қызметінде жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып, сонымен қатар, жолдауда елбасы «Қазақстанның болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруде» деп атап көрсеткендей, әрбір оқу қызметінде үш тілді сөздік жұмыстарын жүргізіп отырса, болашаққа ұмтылған жеткіншектердің жаһандану процесінің көшіне қабілетті түрде ілесу мүмкіндігін ашқан болар едік.

Рахат Нысанбайқызы,
«Айшуақ» бөбекжай балабақшасының саз маманы,
ОҚО Созақ ауданы Шолаққорған ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.