Home » Мақалалар » Самалмен келген жарқын ой

Самалмен келген жарқын ой

Самал желмен желпіне «Білім айнасы» Республикалық Ғылыми-танымдық газеті жұмысымен танысуға «Самал» балабақшасына асыға жеттік. «Самал» балабақшасының қызметкерлері жылы шыраймен қарсы алды. Онда бізідер «Білім айнасы» газетінің меншікті тілшісі Мадина Серікқызымен танысып, пікір алмасу барысында осы ұжымның ұйымдастырып отырған жұмысына қызығушылығымыз артты. Өйткені, газет беттеріне педагогтарға қажетті ашық сабақтар, мақалалар, т.б құнды дүниелер жарық көреді екен. Осы «Білім айнасы» газеті мен журналында жарияланған материалдар арқылы Республиканың түкпір-түкпіріндегі педагогтардың әдіс-тәсілдерін, іс-тәжірибесін бөлісуіне мол мүмкіндіктер туғызып отыр. Сонымен қатар бұл баспасөз қызметінің тиімділігі әр педагог өз жұмысын тегін жариялай алатынында екен. Біздің сұранысымыз бойынша мақала жазудың қыр-сырын меңгерту үшін тренинг ұйымдастырған Мадина Серікқызына және редакция қызметкерлеріне алғысымыз шексіз. Келешекте «Білім айнасы» газетімен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз деген сенімдеміз.

                                                                         ОҚО, Ордабасы ауданы
Б.Омарова, Қ.Исмайыл,
Н.Жорабек, Г.Құрманқұл,
М.Мүталіпқызы, Ж.Есенбекова,
Р.Икрамова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.