Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Жалпы айтқанда тәрбие дегеніміз – адамды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады.
Еңбек – жеке адамның өркендеуіне, санасы мен қайратының қалыптасуына әсер етеді, адам баласын рухани байытып, оның өмірінің мол қазынасын жасайды.
Тәрбие бағыты жөніндегі Руссоның негізгі педагогикалық талаптары – баланы қадірлей отыра, оның қызығушылықтары мен тікелей талаптарын зерттеу. Еріктілік, баланың табиғатын білу, баланың өзіндік әрекетін дамыту тәрбиенің негізіне айналуы тиіс. Джон Локтың ұсынған тәрбиесінің мақсаты – өз ісін ойластыра отырып сақтықпен жүргізе алатын, өз мүдделерінің реттілігін қамтамасыз ете алатындай етіп жасөспірімді тәрбиелеу.
Есту қабілеті зақымданған оқушыларға арналған мектептердегі тәрбиелеудің басты бағыты – еңбек болып табылады.
- Еңбек ету үшін оқи білу, жаза білу, санай білу, көп нәрсені үйрену қабілеттілігі жөніндегі мысалдармен танысады.
- Үй шаруасындағы жұмысқа шамасы келгенше қолғабыс тигізіп отырады. Есту кемістігі бар балаларға арналған мектептерде тәрбиешілер сабақта көптеген көрнекіліктерді пайдаланады, сол арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Тәрбиеші оқушыға тек бір жақты қарамай, оның мінез – құлқына, кемістігіне, дәрежесіне, денсаулығына аса зор мән беру қажет. Кейбір есту қабілеті зақымданған балалар қарапайым нәрсені орындаудан бас тартады. Мұндай кезде тәрбиеші талап қойғыштығы болу керек. Балаға бас салып ұрыспай, оған түсіндіру, дұрыс жолға бағыт беруі тиіс. Сондықтан да, есту кемістігі бар балаларға арнайы мектеп тәрбиешісінің алатын орны ерекше.
Дамуына кемістігі бар балаларды еңбекке тәрбиеудің маңызы өте зор. Өздері жасайтын бұйымдар балаларға өте көп тәрбиелік ықпал жасайды. Оқушы өз еңбегінің нәтижесін, яғни жасаған бұйымдарын жолдастары немесе тәрбиешісі бағалайтынын білгенде, ол өз жұмысының сапасына жоғары талап қойып, өз жұмысын көрсетуге ұялмайтын болып істеуге ұмтылады, талпынады.
Естімейтін және нашар еститін оқушыларды еңбек тәрбиесіне араластырудың маңызы өте зор. Әр оқушыға тәрбиеші еңбектенудің қажет екенін, еңбек арқылы табысқа жететінін түсіндіру қажет.
Естімейтін және нашар еститін оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, еңбек дайындығы керек. Еңбек оқушыға қоршаған ортаны танып білуге көмектеседі. Еңбекке тәрбиелеудің кең тараған методтарының бірі – еңбек жайында әңгімелесу. Мұндай әңгімелесулердің арасында оқушылар өмірдегі ең қажетті нәрсе ол – еңбек. Еңбек адамға бағыт әкеледі, адам адал еңбек етуі қажет.
Білім беру мазмұнындағы сабақтастық – бұл пәндік – мазмұнды компоненттің үздіксіз дамуы, атап айтсақ: әрбір кезеңде еңбекке баулу, яғни гүлдерге су құю, сыныптың ішін тазалау, оқу құралдарын, сөредегі киімдерін, аяқ киімдерін реттеу, бөлме гүлдерін суару барысында сөздік қорларын байыту үлкен міндет болып табылады.
Балаларды қарапайым шаруашылық – тұрмыстық еңбекке қатыстыру. Алдымен тәрбиешінің көмегімен, кейін бақылауымен, мысалы: кезекшілік атқару, өсімдіктерді суару, тәрбиешімен бірге ауланы жинастыруға қатысу. Қажетті құралдарымен таныстыру, әрқайсысының атын атау, балалармен іскерлік түріндегі ынтымақтастық үдерісінде құралдармен орындалатын қарапайым әрекеттерді орындауға үйрету. Есту кемістігі бар баларға арналған мектепте оқитын оқушылар тез шаршағыш болып келеді және де тілдерді дамымаған, сөздік қоры аз, дыбыс шығарулары дұрыс емес, сөздері түсініксіз болады. Естімейтін және нашар еститін баланы еңбек сүйгіштікке, қоғамдық жұмысқа тарту, оның өз тәртібіне, жеке басының жауапкершілігіне тәрбиелеуді, барлық оқу міндеттерін орындауды талап етеді. Сондықтан да есту кемістігі бар балаларды үйрету тәрбиешінің алатын орны ерекше. Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз – адамның қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәрбие беру процесі болып табылады.
Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған тәрбиенің мазмұны ерекше. Бұл тәрбиенің басты мақсаты – оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық мүшесі етіп дайындау біздің міндетіміз.
Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
Еңбек тәрбиенің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді білім мен іскерлікпен және дағдымен қаруландыру, қабілеттілігін дамыту, мамандық тануға көмек беру болып табылады.
Еңбек процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Еңбекке балудың педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек тәрбиесінде алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті үлкен өмірге қадам басқан кезде де пайдаланады.
Мәшһүр – Жүсіптің көркем шығармаларының негізінде адамгершілік, рухани еңбек тәрбиесі жөнінде педагогикалық идеялар қойылған. Ол еңбектерінде еңбексүйгіштікке маңызды орын береді. Ойшылдық педагогикалық тұжырымдамасында «еңбек » деп аталатын ұғым ерекше орын алады. Оның ойынша еңбек тек адамды өмірге дайындап қоймай, оның ақыл – ой күші мен адамгершілігін дамытуға ықпал етеді. « Адал еңбек мал таппақ, жұртқа жақпақ », — деп қандай еңбекті дәріптеу керекігі байқатады. Тіпті ақынның адал, шынайы еңбектің адам өмірінде зор орын алатындығын қозғамайтын шығармасы жоқ деп айтуға да болады. Өйткені, ол еңбек адамның азамат ретінде қалыптасуы үшін рухани тұрғыдан да, парасаттық тұрғыдан да басты қызмет атқарады деп есептеген. Сондай – ақ ақын еңбек кісінің жан дүниесін мейірімдікке бөлейді ал, оның қадірін білмейтін жалқаулар көбіне теріс қылықты болып келеді деген тоқтамаға келген. Еңбек оның ойынша адамгершілік тәрбиесінің әрекеті, құралы болып табылады, өйткені іс – әрекеті процесінде жастардың бойында жалпы адамзаттық маңызы бар еңбек сүйгіштік қалыптасады. Оның пікірінше еңбексүйгіштік адамның еңбек еткісі келумен, оның нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылысымен, берілген іске жауапкершілігінің болуымен, тиянақтылығымен, істеген ісіне қанағаттанумен, сезім алумен сипатталады. Ең соңында еңбексүйгіштік еңбек дағдысының бар екендігін білдіреді. Ағартушы жастардың бойында еңбексүйгіштікті, жатып – ішерлік пен бекер уақыт өткізуге жиреніш сезімін тәрбиелеуді адамгершілікке қажеттік деп қарастырады. Мәшһүр – Жүсіп Көпеев ғылымды, еңбекті, ағартуды қандай болмасын жақсылықтың, сәттіліктің қайнар көзі деп есептеген.
Г.А.Жарылқапова,
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының саңырау және нашар еститін
балаларға арналған облыстық «Мейірім» арнайы түзету
мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі