Home » Білім және тұлға » ТРУШЕВА Шынар. Ұстаздың ісі – мәңгілік

ТРУШЕВА Шынар. Ұстаздың ісі – мәңгілік

  «Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен, тарихтағы ең ұлы істің бірі» — демекші, ұстаздың жұмысы қиынның қиыны. Осындай ауыр, күрделі мұғалім мамандығын таңдаған Күлжан Сәкенқызы Шокенова туралы сөз болмақ.

Күлжан Сәкенқызы Шокенова Ертіс ауданында көп балалы отбасында дүниеге келіп, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білім алған. Оқуды бітіре сала, «И.П. Чайковский атындағы Павлодар музыкалық колледжінде» жұмыс істей бастайды. «Қазақ ұлт аспаптар» бөлімінде сынып жетекшісі де болып, бірнеше жыл бөліммен етене қызу еңбектенеді. Сол жылдары «Қазақ ұлт аспаптар» бөлімін бітірген студенттер Күлжан Сәкенқызы туралы әлі күнге дейін құрметпен еске алып, өз ықыластарын білдіріп жатады. Жылдар өтеді, мекеменің атауы да өзгереді, қазір мекемеміз «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені мемлекеттік мекемесіне өзгертілді.

К.Шокенова 2015 жылы «Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Бөлімдегі оқытушылар барлығы кеңес алуға, жалпы қандай жағдай болмасын К.Сәкенқызына барады. «Жаныңда жүр жақсы адам» демекші, Күлжан Сәкенқызы барлығына бірдей қарап, білімі мен көріп-білгенімен әрдайым бөлісіп отыратын, кез — келген жағдайда дұрыс шешім қабылдап, тығырықтан жол таба алатын, дарынды бөлім басшысы. Оқытушы ретінде өзін жаңа инновациялық ақпараттық технологияларды, озат әдістерді тиімді қолдана алатын, шебер маман иесі екенін де танытты. Оған куә оқытушының студенттерінің аудан, облыс, республика, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуы. Атап айтсақ, В.Маяковский шығармашылығына арналған І облыстық байқауда Аксенов Сергей – І орын; А.Н. Островский шығармашылығына арналған ІІ облыстық байқауда – Корень Анастасия – І орын; орыс тілі пәні бойынша қашықтық ІІ Халықаралық олимпиадада – А.Айтпаева, Т.Арнгольд, Т.Бағдат, А.Жаркенова, К.Муршель, К.Панфилова, А.Соснова – І орынға ие болды.

Жақында оқытушы І Халықаралық байқауға қатысып, өзінің әдістемелік жұмыстарын, сабақтағы тұсау кесулерін, тәжірибесін жалпылаумен бөлісіп, «Жылдың үздік ұстазы-2018» атағын иеленді.

Әрдайым өз кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Жылда ғылыми-әдістемелік газет, журналдарға мақалаларын жариялайды. Әр түрлі деңгейде өтетін конкурстарда әділ-қазылар қатарынан табылады. Оқушыларды байқауларға дайындап, белсенді қатыстырғаны үшін бірнеше рет Алғыс хаттармен, Мадақтамалармен марапатталды.

Ана ретінде де қалыптасып, бір ұл, бір қыз өсіріп отыр. Балаларының алды — студент болса, екіншісі — оқушы. К. Сәкенқызы жақсы ана, жақсы жар, адал дос екеніне күмәніміз жоқ. Күлжан Сәкенқызына өз ісінде әрі қарай самғай беруін, шығармашылық табыс, ақылды да, талантты студенттерінің көп болғанын тілеймін.

ТРУШЕВА Шынар Жетписбаевна,
Павлодар қаласы,
«Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған
музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ-нің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.