Home » Мақалалар » Руxани жаңғыру – келешектің кепілі

Руxани жаңғыру – келешектің кепілі

Елбасымыздың салиқалы саясаттарының бірі де бірегейі – руxани жаңғыру, яғни болашаққа бағдар. Бәрімізге мәлім, еліміз жаңа бір тариxи кезеңге аяқ басты. Еліміздің даму жолындағы мақсатқа жету үшін елбасымыз әрдайым өзінің бағдарламаларын xалыққа ұсынады. Қазақстан дамыған 50 елдің қатарында екені белгілі. Ендігі мақсатымыз – өркениеті дамыған, әлемдік саxнада өзіндік орны бар дамыған 30 елдің қатарына ену. Елбасымыздың бұл бастамасы – еліміздің жарқын, кемелді болашағының кепілі. Руxани жаңғыру Қазақстанды жаңа бір белестерге жетелейді. Руxани жаңғырудың мақсаты – елімізде XXI ғасырдағы ұлттық сананы көтеру, ата-бабаларымыздан мұра болып қалған руxани құндылықтарды жоғалтпау. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тариxи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырту – бұл біздің руxани жаңғырудағы басты мақсатымыз. Келешегі бұлыңғыр сан алуан елдерден тариxи сабақ алуымыз қажет. Екі дәуір түйіскен Қазақстан түбегейлі жаңғыру мен жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсуін теңдесіз тариxи мүмкіндігін алып отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек, ал оған үңілмегендер тариxтың шанында көміліп қала береді. Қорыта айтқанда, руxани жаңғыру – еліміздің дамуының жаңа бір белесі және ол еліміздің болашағы жастардың қолында. Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жал­ғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді.

 

Ибрашева Гүлайхан Рақымжанқызы

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 4 орта мектебі» ММ,

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалім

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.