Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Әрбір қазақстандықтың санасын жаңғырту үшін басты бағыттарды атап өтті. Солардың бірі– «Білімнің салтанат құруы». Осы тұста Ұлт Көшбасшысы былай дейді: «Кәсiбiн неғұрлым қиналмай, жеңiл өзгертуге қабiлеттi, аса бiлiмдар адамдар ғана табысқа жетедi».
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. көптеген жұмыстар жүргізіліп, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде өңірімізде келелі жұмыстар атқарылуда.
Жуырда ОҚО Кентау қаласындағы «Жұлдыз» бөбекжай балабақшасында Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту» атты бір күндік семинар-тренинг болып өтті. Ол тренингті «Білім айнасы» редакциясының тренер –журналисті Мәдина Серікқызы жүргізді.
Семинардың негізгі мақсаты: педогогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту,мақаланы қалай жазу керектігін,олардың түрлері мен құрылымымен таныстыру,әріптестік қарым-қатынас орнату.
Сонымен қатар педогог-тәрбиешілердің пайдалы мақалалар мен өткізген ашық оқу-қызметтерін жариялаумен айналысатын сайттар жайлы және оған қалай мақала сабақтар жариялауға болатыны туралы пайдалы мәліметтер берілді. Бұл тренингке балабақша меңгерушісі С.Далдекеева бастаған барлық педогог-тәрбиешілер
қатысып, БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін меңгеріп,арнайы сертификатқа ие болды. Бұл сертификатқа ие болған ұстаздар кәсіби біліммен бөлісіп қана қоймай, мақалалары мен оқу қызметтерін,ашық сабақтарын «Білім айнасы» газетіне және сайтқа бес жыл тегін жариялауға мүмкіншілікке ие болады.
Егемен еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын білімді де саналы жас ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың еңбегі орасан зор. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Елбасының өзі ұйытқы болып көтерген рухани жаңғырту педогогтар қауымына жаңа міндеттер жүктейді және біз ол биіктікті де бағындырамыз.
Биылғы жылы қаңтар айында Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» журналында Кентау қалалық білім бөлімінің әдіскері Мақұлбекова Айгүл Аманкелдіқызы бастаған қаламыздағы бірнеше балабақша педогог-тәрбиешілерлің іс-тәжрибесінде қолданған ашық оқу қызметтері жарық көрді. Осы басылымда атап айтсақ, біздің «Жұлдыз» бөбекжай балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі А.Бердісүгірованың «Үш тілдер патшалығына саяхат», «Балдырған» тобының тәрбиешісі Б.Жүністің «Сиқырлы пішіндер» және «Еркетай» тобының тәрбиешісі Р,Абулкасимованың «Ғажайып математика әлемі» тақырыбында ашық оқу қызметтері жарияланды.
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін білім қажет. Сол арқылы ғана сауатты елге айналамыз» деген еді Елбасы.
Осы орайда ҚБББ-нің басшысы Ә.Әуелбеков шығармашыл-педогогтардың жемісті еңбектерін бағалап,ғылыми-танымдық журналына шыққан педогог –тәрбиешілермен кездесіп,жас мамандарға шығармашылық табыс тілеп, «Білім айнасы» журналын өз қолымен тарту етті.
Осындай мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда педогогтардың шығармашылық дағдыларын дамыту мақсатында семинар-тренинг ұйымдастыруды мақсат етіп ,ұстаздарға БАҚ және әлеуметтік желімен жұмыс тәсілдерін меңгеруіне жол ашқан Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінің редакторы Қуантай Амантайұлына біздің балабақша ұжымынан алғысымызды білдіреміз.
Қорытындылай келе,қазіргі заман талабына сай мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші-педогогтар тек қана педагогикалық шеберлігі жоғары, өзінің іс-тәжірибесін сын тұрғысынан қарастырып, оқу қызметтерінде жаңа технологияларды қолдану өте қажет. Балабақшамызда өткізілген рухани тағылымы мол әрбір мерекелік іс-шараларды және өз іс-тәжірибемдегі оқу қызметтерімді баспасөз беттеріне жиі жариялап отырамын.Сондықтан әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, ең негізгі бағыт болып табылады. Білімді ұрпақ тәрбиелеп, білімімен елге өз үлесін қосатын білімді ұрпақ тәрбиелесем менің ұстаздық еңбегімнің жанғаны деп санаймын. Бұл менің ең бақытты өмір жолымның бір үзігі, тізбегі деп білемін.
Жүніс Бибіәсия Нұғманқызы,
«Жұлдыз» бөбекжай балабақшасы тәрбиешісі,
ОҚО, Кентау қаласы