Home » Мақалалар » Рухани жаңғыру — өскелең   ұрпақтың  дара жолы

Рухани жаңғыру — өскелең   ұрпақтың  дара жолы

Қарағанды гуманитарлық колледжінде «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын  жүзеге   асыру аясында «Алаш  қозғалысына 100 жыл: АЛАШ ИДЕЯСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БЕРІК ТҰҒЫРЫ» атты  қалалық  ғылыми-танымдық  конференцияның  бірінші   бағыты мектеп мұғалімдері мен  оқушылары  арасында өтсе,  8-9 сынып оқушыларына арналған «Рухани жаңғыру — өскелең ұрпақтың дара жолы» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.
Конференция мақсаты: Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын тарату. Алаш қозғалысының   тәуелсіздік  мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның  көшбасшыларының  саяси-құқықтық, демократиялық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа  заманның талаптарына сай зерделеп, зерттеу.
Конференция міндеттері:
«Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын зерттеу;
«Алаш» ұлттық идеясының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясымен тарихи сабақтастығын анықтау;
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаладағы ұлттық код және латын әліпбиіне көшудегі мақсаттың мәнін ашу;
Ұлттық  рух пен  тәуелсіз сана қалыптастыруда  Алаш идеясының орнын айқындау. Аталған   іс-шараға  №92 гимназия, №93 гимназия, №6, №8, №10, №16, №21, №22, №30, №36, №51, №54, №63, №65, №66, №68, №74, №76, №77, №82  қала   мектептерінің   мұғалімдері   мен  оқушылары   белсенді  түрде қатысты.
Конференцияның    пленарлық  отырысында    Қарағанды   гуманитарлық  колледжінің  директоры   Әміров   Есжан  Сарманқұлұлы  «Ұлт    болашағы  жолында   біріккен  Алаш   тұлғалары»    туралы   баяндама  жасады.
«Тұлға тану»  ғылыми  зерттеу  орталығының  директоры   Бейсенбекова  Нұрсахан   Ахметовна қатысушыларға «Әлихан Бөкейхан еңбектеріндегі тарихи тұлғалар» тақырыбында  тың  деректер мен  мәліметтер айтты.
«Рухани  жаңғыру – өскелең   ұрпақтың  дара  жолы» тақырыбындағы  эссе  байқауында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жуынтаева  Зәмзәгүл   Нағашыбайқызы  қазылар  алқасының  төрайымы болды.
Эссе байқауы бойынша нәтиже:
Бабашова Назира, №68 МИББ кешені, 9 сынып, І дәрежелі диплом;
Досболова Шұғыла, №92 гимназия КММ, 9 сынып, ІІ дәрежелі диплом;
Акылбекова Ажар, №25 ОМ, 9 сынып, ІІІ дәрежелі диплом.
Конференция және эссе байқауында жазылған жұмыстар арнайы жинақ болып  шығарылады.

 

Д.К. ИСАТАЕВ,
«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК
директорының  ғылыми  жұмыс  жөніндегі  орынбасары,

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.