Ұлы дала ұландарының кемел болашағы, «Мәңгілік Ел» ертеңі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ойлау, бәсекелік қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету мақсатындағы әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, терең білімді, ізденімпаз, шығармашылық қағиданы ұстанатын тұлғаны тәрбиелеу ісінде «жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» мәселесінің маңыздылығы ерекшелініп тұр. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, мемлекет, атамекен (сакралді география), туған жер, туған ел, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу-тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс-шараларда отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді сақтау, мемлектік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сезімдерін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Елбасымыз, Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында ең басты қағидалардың бірі «Ұлттық бірегейлікті сақтау» деп анықталған: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу». Ұлттық сана-сезім, ұлтқа жанашырлық – патриоттық тәрбие берудің, саналы, парасаты мол азаматты тәрбиелеудің негізгі діңгегі, өзегі. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие беру мәселесінің ерекшелігін де күн тәртібінен тыс қарастыруға болмайды. Себебі көпұлтты мемлекетіміздің халқы этносаралық қарым-қатынас орнатуда патриоттық қағидалардан тыс кемелдене алмайды. Ұлтаралық, этносаралық татулық – қазақстандық патриотизмнің бөлінбес құндылығы деп қарастырамыз. Осы құндылық арқылы бағдарламада негізгі бағыттардың бірі «Сананың ашықтығы» жүзеге асырылады. Бұл бағыт пен «қазақстандық патриотизм» мәні тығыз байланыста екенін елін, жерін көркейту ісінде қазақ жерін Отаным деп таныған ұлттар мен этностардың, әлемнің озық тәжірибесін есепке алу үрдісі айқындап береді. «Татулық», «бірлік» ұғымдары «қазақстандық патриотизмнің» құндылықтары ретінде әр қазақстандықтың бойына туғаннан сіңірелітіні белгілі. Ежелден бері қазақ халқының мансұқталатын мақсаттарының бірі болып танылған «бірлік» категориясы би-шешендердің өсиеттерінде айқын көрінеді: Бірлік түбі – береке,
Береке түбі – мереке.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен,
Ел бодуды ойлаңдар – деген екен Майқы би.
Өскелең ұрпақ тәрбиесінде «қазақстандық патриотизм» білімге құштарлық пен әлемнің жаңашылдыққа бағытталған сандық технологияларын (цифровизация) игерусіз түпкі мақсатына жетпейтіні анық. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде өзегі өзгермейтін мәселенің бірегейі – «Білімнің салтанат құруы» бағыты. Бұл орайда өскелең ұрпақтың бойына саналы түрде ес білгеннен бастап «білім» категориясының адам өміріндегі басты құндылық екенін сіңірту, дәріптеу ісі дұрыс жолға қойылуы керек. Білімі таяз адам саналы түрде патриот болуы екіталай. Сондықтан «Саналы азамат» тәрбиелеуде білім алудың, алған білімі арқылы еліне қызмет жасау қағидалары негізгі діңгек болып табылады. Көкірегі ояу, зердесі ашық, білімі кемел, біліктілігі жоғары, санасы биік тұлға ғана еліне еңбегін риясыз сіңіруге дайын болады. Осындай патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында гимназия қабырғасында өткіізілген Республикалық «Жас Ұлан» ұйымдарының Тұңғыш Президент күні өтетін «ЖасҰлан» («ЗЕРДЕ» бағыты бойынша) ұйым мүшелерінің байқауының әзірлемесі дәлел ретінде назарларыңызға ұсынылып отыр.
1 – (музыкалық) бөлім
Ұланбасшы барабан /дауылпаз/ ырғағының сүйемелдеумен Жас Ұландарды сахнаға сап түзетіп шығарады, Ұланбасшы әскери дауыспен 4 ұранды дауыстайды, ұраннан кейін «Ұлы дала ұландары» әні марш түріндегі қимыл-қозғалыстармен орындалады:
- Ұланбасшы: ЖАС ҰЛАН!!! Білгіш, ұшқыр, Аспан көкке ән сап,
- Самғап биік, ұшамыз!
- Зерделі біз ұланбыз!
- Ұландар: — Зерек, алғыр,
- Ұланбасшы: БОЛАШАҚТА!!! Бейбіт, жайлы, Білім биігіне
- Қанаттанған қыранбыз!
- «Мәңгілік Ел» құрамыз!
- Ұландар: — Байтақ, сәнді,
- Ұланбасшы: НАША СИЛА!!! Точно! – Это Рядом с нами, вместе
- К цели дружно торопись!
- Знает каждый гимназист!
- Ұландар: — Знанье — сила,
- Ұланбасшы: ВПЕРЕД!!! Первым к цели, Потому что знаем, 2 – (әдеби) бөлім Познаем азы науки.
2-ші ұлан: В школе чистой, доброй, светлой
Места нет тоске и скуке! Вслед за нею гордый «Казахский язык», И «Английский» в школу впустим. Росли мы, Открываем души мы!
- Интеллекту, познаниям
- 4-ші ұлан: Чтобы умными
- И «царица» – «Математика»,
- 3-ші ұлан: Вот спешит к нам «Информатика»,
- 1-ші ұлан: Каждый день мы на уроке
- Нас победа и радость ждет!
- Мы приходим каждый год!
- Ұландар: — Веря в книги,
Все хором: Мы клянемся, слово даем,
Труд и радость вместе деля,
Интеллекту, науке, урокам
Верным быть и верить всегда!
5-ші ұлан: Ведь мы знаем и помним,
Без знания – нет:
1-ші ұлан: Космонавта,
2-ші ұлан: Инженера,
3-ші ұлан: Поэта,
4-ші ұлан: Врача.
5-ші ұлан: Жизнь велит нам – учиться,
Постигать этой мудрости клад.
Все, что взяли со школы,
Все хором: Нам пригодится,
И весомее станет в стократ!
1-ші ұлан: Светом,
2-ші ұлан: Чуткостью,
3-ші ұлан: Правдой
4-ші ұлан: Наполнены души
И наши умы,
Все, что нам поручили,
5-ші ұлан: Постараемся выполнить мы,
Все хором: Потому что мы – Степи Великой сыны!
Ортада ұлан Н.Ә. Назарбаевтың кітабын ұстап тұрады, басқа ұландар екі жақтан кезекпен әскери адыммен келіп, кезекпен келесі ұрандарды айтады:
1-ші ұлан: Ұлы дала ұланымыз!
2-ші ұлан: Халықтың біз қыранымыз!
3-ші ұлан: Оқимыз ақын жырларын,
4-ші ұлан: Оқимыз еңбек сырларын.
5-ші ұлан: Ғылым менен білімге
6-ші ұлан: Құштар болып өсеміз!
7-ші ұлан: «Мәңгілік Ел» — мақсатымыз,
8-ші ұлан: Білім — біздің қанатымыз!
9-ші ұлан: Зердемді ашып кітаппен,
Барлығы бірге: Елге қызмет қылам мен!
Қойылым барысында қажет атрибутика:
барабан (дауылпаз) /Ұланбасшыға/, жалаушалар, бунчуктар, Н.Ә. Назарбаевтың кітабы, ұрандар, плакаттар, музыкалық әуен т.б.
Әдебиеттер тізімі:
- Н. Ә. Назарбаев. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру /бағдарламалық мақала, 2017 ж.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, 2007 ж.
ОМАРОВА Б.Қ.,
Қарағанды қаласы, «№93 гимназия» КММ