Home » Мақалалар » Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі

Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы — ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

Қазақстан басшысының таяуда халыққа арнаған  Жолдауындағы үшінші жаңғыруда еліміздің алдағы уақытта қай бағытта дамуы және  қандай іс-шараларды жүзеге асыруымыз қажеттігі жан-жақты айтылған.  Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын мақаласы.

Ең алдымен ой салғаны – мақаладағы «рухани жаңғыру» деген сөз.  Рухани жаңғыру  – еліміз үшін маңызы зор үлкен жаңалық, мемлекет басшысы ұлттық сана туралы айтылған аса маңызды ой-пікірлер. Рухани жаңғыру сипаттау және патриоттық  сананы ынталандыратын  ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім мен ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш.

Оқушыларға табысты ел болуымыздың кепілі екендігін  түсіндіру. Елбасымыз өзінің осы мақаласында ұлттық сана туралы айта келіп, «Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған дайын болуымыз керек, —  деп алдағы жылдардағы іргелі өзгерістерге әрбір адамның дайын болуы қажеттілігін жан-жақты түсіндіреді. XXI ғасырдағы  ұлттық сана туралы күллі  жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманның арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрдің  алдағы уақытта өркендеуінің берік болуы, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Рухани жаңғырудың алты бағыты:

  1. Бәсекеге қабілеттілік – қазіргі таңда жеке адамға ғана емес , тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін  арттырса ғана,  табысқа жетуге мүмкіндік алады.
  2. Прагматизм – өзінің ұлттық  және  жеке  байлығыңды  нақты  болуы, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес  болашағыңды жоспарлай  алу,  ысырапшылық пен астамшылдыққа жол бермеу.
  3. Ұлттық бірегейлік-ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен  музыкамыз, әдебиетіміз  ұлттық рухымыз  бойымызда мәңгі қалуы тиіс.
  4. Білімнің салтанат құруы – білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу.
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы – бұл кезеңде елімізде  белгілі бір жаңғыру болады.
  6. Сананың ашықтығы – болашақ ұрпақтың  дәуір талабына сай  жаңғыруы. Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу, табысты ел болуымыздың кепілі. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.

 

Садибекова Бактыкул Оразгелдиевна,

Тарих-география пәні мұғалімі

«Шардара» мектеп-лицейі

ОҚО, Шардара ауданы, Шардара қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.