Home » Айтарым бар » Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі

Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі

2017 жылдың 12 сәуірінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарыққа шықты. Рухани жаңғыру – мәдениеттің, өркениеттің жандануы, халқымыз бен мемлекетіміздің гүлденуі. Бұл мақаланың басты мақсаттарының бірі – әлем бәйгесіне түсіп, дамыған мемлекеттермен тереземізді теңестіру. Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айрықша маңызды екі процесті-саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылып, даму үшін жаңғыруды қолдап, нақты мақсат-міндеттерді, оған жеткізетін жолдарды іздеп, орындауға тиіспіз. Болашаққа жарқын жол бастап, мақсатымызға жету үшін санамыз да жаңғырып отыруы керек. Тәуелсіздік алған жылдары іргелі жұмыстарды атқардық. Ғылым да, білім де біздің көз алдымызда өзгеріп жатыр, сол себепті кез келген елге рухани жаңғыру міндетті түрде керек.
Қазіргі күнде Елбасымыздың қолдауымен еліміз биік белестерді бағындыруда. Жыл сайын Қазақстан табыстарға жетіп, дүниежүзілік рейтингте алдыңғы орындарда орналасып жатыр. Осындай жетістіктер еліміздің саяси экономикасын алға тартуда. Ал осының барлығы да елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасымен іске асып жатыр. Осы бағдарлама аясында 2017 жылы EXPO-2017 халықаралық көрмесі еліміздің бас қаласы – Астанада өтті. EXPO-2017 көрмесі арқылы Қазақстан Республикасы көптеген елдерге танылып, экономикалық және саяси байланыстарды нығайтты. Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» аясында 2017-2025 жылдар аралығында латын әліпбиіне ауысу туралы реформа жүзеге асқалы отыр. Бұл жүз жыл бұрын қолданылған әліпбиімізге қайта оралу, жаңғыру деген сөз. Өткен тарихымыз бен бүгінгіні жағалай білуіміз керек. «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең – екі адамсың» дегендей, ел тұтқамыз бәсекеге қабілетті болу үшін, білімді, біліктілікті арттыру үшін Елбасымыз мектептерге үш тілділікті енгізді. Негізінен еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап, ауқымды істер атқарып, рухани жаңғыруда. Ондай болмағанда Қазақстан мұндай дәрежеге жетпеген болар еді.

Қорыта келе айтарым, «Егер сен әлемнің өзгергенін қаласаң, өзің сол өзгерісте бол» деп Махатма Ганди айтқандай өзгерісті ең алдымен өзімізден бастауымыз керек. Қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жаңашылдықты қабылдап, солай қарай өзгеруіміз қажет. Ішкі жан-дүниемізді, сана-сезімімізді жаңғырту – еліміздің жаңғыруының алғашқы қадамы. Дамыған халқы бар мемлекетке табысты ел болуға еш кедергі болмайды деп ойлаймын. Бір аспанның астында, бір қолбасшыға бағына отырып, оның ұсынған жолымен, берген бағытымен жүргенде ғана табысты ел болумен қатар, дамыған 30 мемлекеттің қатарына енетініміз сөзсіз.

Акирапбаев Нұрбол Болатбекович,
№ 74 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.