Home » Мақалалар » Рухани жаңғыру: мақсатымыз айқын

Рухани жаңғыру: мақсатымыз айқын

 «Біздің мақсатымыз айқын,  бағытымыз белгілі»

Н.Ә.Назарбаев

 

Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы 12  сәуір 2017 жылы қалың бұқараға жол тапқан еді.  Бір жыл уақыт  аралығында  Елбасы басты мақсат еткен бағыттарды орындау  аясында  кең ауқымды жұмыстар атқарылды.  Білім ошағында   білім мен тәрбие  саласының  басты бағыт ұстанымы  —  жас буын жастар.  Иә, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық өзгерістерге бейім,  әрі патриоттық рухта тәрбиелеу қашан да өзекті мәселе болып келген. Сондықтан Президент ұсынған рухани жаңғыру бағдарламасы – бала тәрбиесіне жауапты мамандардың басты бағдарына айналуы заңдылық.

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында қалғып кеткен құлдық сананы ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелді. «Ұлттық  код», «білім культі», «эволюциялық жол» жаңғыру терминдерін  көпке жол сілтеуші  темірқазыққа  айналдырды.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихын танып-білуді көздейді. Еліміздің  Тәуелсіздік жылнамасының жазыла бастағанына  небәрі 26 жыл болса да, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өмір жеңістерін бүгінгі жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан қаншама замандастырымыз бар. «100 жаңа есім» жобасы   аясында колледжімізде тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының батыры, ҚР Халық ҚаҺарманы, техника ғылымының докторы, профессор Тоқтар Әубәкіровпен, V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдардың докторы, профессор Қамал Бұрхановпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Гүлжан  Қарақұсовамен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты  Анар Жаилғановамен, «Нұр Отан» Халықтық  Демократиялық  партиясының мүшесі, қоғам қайраткері, қазақ тілінің жанашыры Асанғазы Оразкүл Асанғазықызымен және тағы басқа да қоғам, спорт қайраткерлерімен кездесулер өтті. Бұл жүздесулерде студенттер Тәуелсіздіктің  тайғақ кешу жылдарында қажырлы еңбектерімен,  халыққа қызмет жасау өнегесімен көзге түскен ел тұлғаларын шынайы бағалай алды.

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мақаласында айтып кеткен еді.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Қазақ тілі әліпбиінің тарихы тереңнен тамыр тартатынын  айтып өтті. VI-VII ғасырлардан бастау алатын көне түркілердің руникалық жазуынан араб әліпбиіне ауысып, кейіннен кириллицаға көшкен сүрлеу жолды тарих беттерімен сыр бөлісті. Расымен де, латын әліпбиіне көшу қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның және ғылымның жаңа қарқында дамуынан туындап отыр. Осы орайда, колледж қабырғаларында «Латын әліпбиіне көшу: мәселе, пікір, ұсыныс» тақырыбы аясында кездесулер мен пікірсайыстар өтті.  Әсіресе бұл үдеріс студент жастарымызға ғылым мен техниканы меңгеруге жол аша отырып, төл әліпбиіміздің қайта жаңғыруына мүмкіндік бермек. Жалпы, колледж жастары  латын әліпбиіне көшуді  қолдайды.  Оған қоса, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. [1]

Елбасы «Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің  иесі. Туған  жер – әркімнің шыр етіп  жерге түскен,  бауырында еңбектеп, қаз басқан  қасиетті мекені, талай жанның  өмір-бақи  тұратын  өлкесі. Туған жерге,  оның  мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы  патриотизмнің  маңызды  көріністерінің  бірі» деп атап өтті. Тәрбие саласына мақсаты  жақын  жобалардың бірі — «Туған жер» бағдарламасы.  Бұл бағдарламаның  жастарымызға  жаңа рух, жаңа серпін беретіні анық.  Еліміздің ұлан-ғайыр даласында сан ғасырлық тарихы бар көне қалалар мен тарихи жәдігерлерді көпшілікке ұсыну, танып білу мақсаттары көзделеді.  Соның нәтижесінде, болашақта елін, жерін, халқын сүюге қазақша тәрбиеленген нағыз қазақстандық жаңа буын пайда болады.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен сенемін жастарға,  Алаш  атын аспанға. Шығарар  олар бір таңда,  Мен жастарға  сенемін!» деген үміттері бүгінде  Елбасының  көшбасшылығымен   ұлттық  болмысымызды сақтай отырып,  жаңа дәуір талабына сай рухани,  саяси, экономикалық  жаңғыруымызға  ұласуда. [3]

Әдебиеттер тізімі:

  1. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. // Егемен Қазақстан. – 26.04.2017
  2. Жолдау-2018: білім – басты бағдар. // Егемен Қазақстан. – 12.01.2018
  3. 3. https://www.adebiportal.kz С.Сейтман «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» 04.2017ж
  4. Зияткер ұлт және рухани мұра.

http://ortalyk-      kaz.kz/publ/tarikh/zijatker_lt_zh_ne_rukhani_m_ra/5-1-0-3255

  1. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа

мүмкіндіктері. // Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 10 қаңтар 2018

 

Далабаева  Айгул  Туяковна,
Астана қаласы,
Көлік және коммуникация   колледжі
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.