Home » Мақалалар » Рухани жаңғыру — білім саласының жаңа көкжиегі

Рухани жаңғыру — білім саласының жаңа көкжиегі

Елбасымы Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында  «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деген мақсат қойып отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы үлкен өзекті  мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен, жақсы ойлармен бөліседі.
Мақаланы оқып шыққаннан кейінгі алғашқы байқайтынымыз, ойды жеткізудегі ерекше мәнерлілік, дәлдік пен қарапайымдық. Сонымен бірге, бұл еңбек мейлінше терең, күрделі әрі кемелдігімен ерекшеленеді. Еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары министрден бастап, қатардағы қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізілді. Ең алдымен Президенттің мақаласындағы ең соңғы сөйлемге назар аударғым келеді. Ол сөйлем өмір сүре білу үшін өзгере білу керек, өзгере білмеген халықтар, тарихтың шаң-тозаңында қалады деген.
Биылғы жылдан бастап Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады.
Н.Ә. Назарбаев бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына тоқталып өтті.Атап айтқанда  «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың алты бағытын белгіледі:

  1. Бәсекеге қабілеттілік;
  2. Прагматизм;
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  4. Білімнің салтанат құруы;
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
  6. Сананың ашықтығы.

Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – деп ашып көрсетеді.
Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз.Сол себепті, Мемлекет басшымыз  атап өткендей, еліміздің әрбір азаматы бүкіл қоғам яғни  саяси партиялар, барша мемлекеттік органдар осы жағдайға талдау жасап, біздің қай жерде тұрғанымызды анықтап, әрбіріміздің не істеу керектігімізді жете ұғынуы керек.Болашаққа нық қадаммен басу үшін өткенімізді ұмытпай, Елбасымыз дың айтқан рухани жаңғыруын неге іліп алып кетпеске. Рухани жаңғыруы бұл мемлекетіміздің өсіп өркендеуінің жаңа сатысы. Əлем бір орында тұрмайды, заманға сай өмір сүру үшін көштен қалыспау керек. Сондықтан Елбасының тіл мәселесіне қатысты ой толғамына ынта жігерімізбен қолдау білдіру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе.
Қорытындылай келе алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс  біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.

Шаменова Айгүл Қайнаровна,
Шымкент қаласы,
№31 «Салтанат»  бөбекжай- балабақшасының
тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.