Home » Таным » Астана — болашақтың қаласы

Астана — болашақтың қаласы

Сонау қария ғасырдан сыр шерткен тарау тарау беттерін артқа тастап жаңа заманға,жаңа индустрияға жеткен жайымыз бар. Еліміз тəуелсіздігін алғаннан бері жаңа табыстарға жетіп,жаңа білікті салаларды меңгердік,елімізді алпауыт елдердің қатарына қосу үшін бірнеше игілікті істер жасалып жатыр.
Астана… Астана — ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, əлем таныған қазақ елінің қаласы. Арқаның төрінде сылдырап аққан ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз, бүгінгі таңда қасиетті сөздерді құрметті, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Əсем қала мерейтойы еплігі де, өрлігі де ұрпаққа өнеге болып жалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін паш етер көңілі дархан, жаны жомат қазақ елінің ұлылығын ұлықтайтын асқақта, айбынды ажарлы Астананың қазақ елі манументі. Жүздері бал-бұл жанып, қуанышы қойындарына симай, шаттанған халық, бейбітшілік жəне келісім сарайына ағылып қазақ елі тарихи ескерткіш монументінің ашылуы салтанатында болдық.
Аяулы Астана Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа Астананың негізін салдық. Бұл бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл біздің он бес жылғы жолымыз бастап əкелген жəне бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. «Бұл біздің жол Қазақстан жолы», — дейді Н.Ə. Назарбаев.
Астананың тартымдылығы неде? Біріншіден, бұл бүгінгі заман талабына сай бой көтеріп келе жатқан қала. Еуразияның нақ кіндігінде орын тепкен. Сондықтан шаһарда сəулет өнерінің еуропалық та, шығыстық та үлгілерін кездестіре аласыз. Тағы бір себеп – елдегі бейбіт жағдай.Қазақстан саясатының басты ұстанымы – бейбітшілік тыныштық. Мұны да сырт көз бағалап, сенім артады. Астананың ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атануы да жайдан жай емес.
Сөзіміздің басында елорданың Алматыдан Ақмолаға көшірілгені жөнінде айтқанбыз. Бүгінде көзіміздің анық жеткені, өзгелерді де мойындап отырғаны-елорда бір қаладан бір қалаға көшіріліп қана қойған жоқ, жаңадан салынды, жаңадан бой көтерді. Шамалы ғана уақытта анау-мынау емес, бір қаланы, онда да елдің астанасын тұрғызып тастағанымыз қандай мықтылық! Бұған қалай шаттанбассың, қалай кеуде кермессің!
«Астана» сөзінің парсы тілінен аударған­дағы бір мағынасы – «босаға» екен. Қазақ ертеден, әлім­сақтан босағаны қасиет тұтқан.
Босағамыз берік болсын. Астанамыз жылдар жылжыған сайын мерейі тасып, асқақтап, жетіліп келе жатырмыз.

Сағымжан Жанерке Ержанқызы,
ШҚО, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.