Home » Жаңалықтар » Рухани жаңғыру – адам тәрбиесінің жаңа ілімі

Рухани жаңғыру – адам тәрбиесінің жаңа ілімі

«Рухани жаңғыру тек бүгін басталатын жұмыс емес, болашақтың еншісіндегі ауқымды істердің бастамасы».
Н.Ә. Назарбаев

Бүгінде Елбасымыздың қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы еліміздің түкпір-түкпірінде кеңінен талқыланып жүзеге асу үстінде. Соның бірі ағымдағы жылдың сегізінші ақпан Астана қаласы №77 «Қошақан» балабақшасында «Рухани жаңғыру – адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты қалалық семинары өтті. Семинардың өзектілігі – жолдау бойынша білім беру жүйесін, соның ішінде балабақшадағы оқыту, тәрбиелеу жұмыстарын қолдану барысын айқындау.

Астана қаласы №77 «Қошақан» балабақшасы меңгерушісі Юсупова Назгүл Ғадылханқызы: «бүгін біздің балабақшада Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде балаларды адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы тақырыпта кластерге жетекші балабақша ретінде серіктес балабақшаларға бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды».

Айта кетейік, «Қошақан» балабақшасында биылдан бастау алған «Эксперименттік алаң» ашылған болатын. Жетекшісі мектепке дейінгі саланың нағыз маманы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ақжарқын Бәдел десек, бұл – эксперимент алаңының мақсаты да адамгершілік қасиеті мол, болашақ ел азаматын тәрбиелеу.

Аталмыш семинар мазмұнын толықтай аша отырып, белсенділік танытып ұйымдасқан балабақшаларды атап өтсек: №5 «Ақбота», №9 «Нұршашу», №29 «Ақ қайын» және №77 «Қошақан» балабақшалары. Сонымен қатар, Білім басқармасы мен өзге де серіктес мамандар.

Іс-шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ата-аналармен бірлесе отырып «Алматы кітап», «Шикула», «Арман ПВ» т.б. баспадан жарық көрген балаларға арналған кітаптар, оқу-әдістемелік құралдармен таныстыру және «Кітап біздің досымыз», «Кітапқа жақын жол» атты жобаларды ұйымдастыру қамтылды. Сондай-ақ, тілге тиек болған балабақша бүлдіршіндерінің патриоттық тәрбие бағытындағы өнерін тамашалаумен аяқталды.

 

 

Мұстафина Жансая Алибекқызы,
Астана қаласы,
«Білім айнасы»

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.