Home » Жаңалықтар » Мекені тұғырлы, есімі ғұмырлы Медеу Пұсырманұлы

Мекені тұғырлы, есімі ғұмырлы Медеу Пұсырманұлы

  Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи тұлға Медеу Пұсырманұлының өнегелі өмірін насихаттау және жас ұрпақты патриоттық рухта, Отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы, Медеу ауданында іс-шара айлығы өткізіліп жатыр.

Медеу ауданының әкімі Е.Жылқыбаевтың бекіткен арнайы жоспарына сәйкес ауданның білім беру мекемелерінде халықтың біртуар перзенті — Медеу Пұсырманұлына арналған айлық іс-шаралар атқарылуда. «Мекені тұғырлы, есімі ғұмырлы Медеу Пұсырманұлы» тақырыбындағы шара мектеп кітапханаларында көрме ұйымдастыру мен сынып сағаттарын өткізуден басталған. Сонымен қатар, айлық іс-шарада мектепішілік және аудандық кезеңнен тұратын оқушылардың эссе байқауы («Есімі ел мен жердің жүрегінде…»), сурет сайысы (1. ХІХ ғасырда салынған Алматы қаласының тарихи ғимараттарын бейнелеу;
2. ХІХ ғасырдағы Алматы табиғатын суреттеу),
М.Пұсырманұлына арналған жыр-мүшәйра (авторлық өлеңдер,) ғылыми жоба («ХІХ ғасыр және М.Пұсырманұлы») жұмыстары жүргізілген. Аталған шараларға аудандағы барлық мектеп оқушылары белсене араласып, үздік деп танылғандарын арнайы мақтау қағазымен марапатталған.
Медеу аудандық білім бөлімінің басшысы Ақайша Әмірқызы мен Алматы қаласы білім басқармасының қолдауымен өткізіліп жатқан іс-шара айлығының қорытындысы Медеу Пұсырманұлы зиратына барып, зиярат ету мен ғылыми – практикалық конференциясымен қорытындыланатын болады.
Айта кетейік, Медеу Пұсырманұлы XIX ғасырдың екінші жартысында болыс, қазақтан шыққан ірі жер иеленушілердің бірі болған. Қазақ балаларына арнап арнайы пансионат ашқан.
Алматы қаласының құрылысы мен сәулетіне де өзіндік үлес қосқан. Қазіргі мұз айдынының орнында ол кезде Медеудің он екі қанат ақ үйі тігіліп тұрады екен. 1949 жылы Медеу мұз айдынының құрылысы бастал­ғанда, спорт кешеніне Медеу Пұсырмановтың есімін беру туралы шешім қабылданыпты.

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ,
Алматы қаласы,
«
Білім айнасы»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.