Жүрек-рухтың ұясы, рухани санамыздың орталығы, ол біздің болмысымыздың қозғаушы күші, рухани қабілетіміздің қайнар көзі. Елбасының қазіргі кезде басты назар аударған бір мәселесі-бүгінгі мақтанышымыз, ертеңгі келер ұрпағымыздың тәрбиесі. Өйткені, бала-өмірдің сәні, бақыттың нысаны, ертеңгі күнді жалғастырушы ұрпақ. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сондықтан келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу-біздің міндетіміз. Елімізде рухани-адамгершілік тәрбиені жетілдіру мемлекеттік міндет денгейінде көтеріліп отыр. Бұл міндеттің практикалық шешімі Өзін-өзі тану пәнінің енгізілуі, оның авторы Сара Алпысқызы Назарбаева. «Өзін-өзі тану» пәнінің басты міндеті өзінің дүниетанымына үңілу, өзіңді сүю мен сыйлай білу, өз ісіне жауапты болу, адамдарға мейірімділік таныта білу. Міне осындай мақсат міндеттерге байланысты Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында орналасқан «Ай-Ару» бөбекжай балабақшасы ЖШС-де Ақпан айының 01 мен 12 жұлдызы аралығында аудандық білім бөлімінің 26.01.2018 жылғы №98 хатын негізге ала отырып «Өзін-өзі тану; Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты ересек топтары арасында он күндік декада өткізілді.
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі балабақшамыздың педагог-психологы Аширова Ж.А. декада жұмыс жоспарын жасап, сол бойынша жұмыстар жүргізілді. Бірінші күн, яғни декаданың ашылу салтанатында балабақша әдіскері Искакова Ә.М. сөз кезегін алып, С.А. Назарбаеваның өмір жолдары, балаларға деген қамқорлығы,жасалған жақсылықтары туралы балаларға слайд арқылы түсінік берілді және «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында тәрбиеленушілердің мәнерлеп оқу тақпақтары айтылды. Екінші күніміз «Ән көңілдің ажары» бойынша әндер байқауы болса үшінші күнімізде балалар бойына жақсылық, достық, адамгершілік тәрбиені сіңіру мақсатында Аширова Ж.А. «Балбөбек» тобына «Мейірімділік асыл-қасиет» және «Ботақан» тобына «Өнеге отбасынан басталады» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өтті. Декаданың төртінші күнінде ересек «Балапан» тобының тәрбиешісі Калдыбекова Г.М. «Қызыққа толы бұл әлем» тақырыбында театрланған көрініс қойса, бесінші күні «Адамгершілік құндылықтары дегеніміз не?» тақырыбында дөңгелек үстелді балалармен Аширова Ж.А. өткізді. Балабақша фойесінде көрме «Ана», «Бейбітшілік», «Достық» тақырыбында салынған балалардың шығармашылық жұмыстары қойылды. «Балалар –Жаратқанның жер бетіне жіберілген ең ғажайып құбылысы.
Сол үшін біз, үлкендер, балаларға ерекше құрметпен қарап, айрықша қамқорлық жасауымыз керек», — дейді С.А. Назарбаева. Балаларға қуаныш сыйлау мақсатында қалалық «Фиркан» ойын-сауық орталықтарына тәрбиешілер апарып ,балалар көңілін көтеріп қайтты. «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық акциясы бойынша балабақшамызда көп балалы отбасынан шыққан бүлдіршіндерге балабақша меңгерушісі м.у.а: Агманова А.А бағалы сыйлықтар беріп балалар жүрегіне зор қуаныш сыйлады. Балабақшамызда өтілген декадаға жақсы белсене қатысқан тәрбиешілер мен тәрбиеленушілері жабылу салтанатында марапатталды. «Өзін-өзі тану» пәні тек бүлдіршіндерді ғана емес, барша адамдарды да тәрбиелейтін пән деп түсінемін. Себебі, осы пәнді оқыта отырып мұғалімнің де өмірге көзқарасы өзгереді. Абай атамыз айтқан «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректі» жеке тұлғаны тәрбиелей отырып болашаққа деген сеніміміз мол.
Искакова Асемкул Мырзабековна,
«Ай-Ару» бөбекжай балабақшасы ЖШС әдіскері