Home » Жаңалықтар » РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып келді.  Кешеде. Бүгінде.  Ертеңде. Осы орайда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен білім беру үдерісіне енгізілген рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы осы рухани-адамгершілік тәрбиеден бастау алып, жан-жақты жетілген тұлғаны кемелдендіруді көздейді.

Білім берудің шынайы мақсаты адам баласына тән қабілеттердің көрініп, ашылуы болып табылады. Оқушыларға рухани-адамгершілік білім беруді мақсат еткен «Өзін-өзі тану» пәні мәңгілік жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды негіз етеді. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, сол өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Ендеше жеке тұлға өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге бейімделіп қана қоймай, шынайы өмірге белсенді ықпал ете алатын, өмірді жақсартуға, кемелдендіруге атсалысатын тұлға болуы тиіс. Осы орайда оқушының рухани-адамгершілік, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Осы негізгі міндеттерді жүзеге асыру барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясында 2017 жылдың 6 ақпанынан-14 сәуірі аралығында өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы ұзақ мерзімді курс жүргізілді.

Курстың мақсаты:

Педагог тұлғасының рухани-адамгершілік тұрғыда ішкі жан дүниесін өзгертуіне, оның ішкі әлеуетінің ашылуына мүмкіндік туғызу.

Тәрбие жұмысының тиімділігін қамтамасыз ететін білім берудің рухани-адамгершілік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік жасау.

Мұғалімдерді «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыру бойынша, ар-ұжданымен үйлесімде өмір сүретін, жағымды ойлайтын және өз борышын сезінетін лайықты тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік беретін білімдермен және тәжірибелік дайындықпен қамтамасыз ету.

Белгіленген мақсаттарға сәйкес бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асырудың практикалық табыстылығына сәйкес үш нақты сипатталған кезеңде жүргізілді.

Бірінші кезең – «Жүректен жүрекке» — дәрісханалық оқыту.

Екінші кезең – «Құндылықтар практикасы» — асинхронды оқыту.

Үшінші кезең – «Жүректен жүрекке» — дәрісханалық оқыту.

Бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде Бағдарламаның түйінді идеялары мен оларды мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасау бойынша курс үш модуль бойынша жүргізілді.

Тыңдаушылар әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентациялар қорғады. Презентация жұмысын тыңдаушылар жеке орындап шықты және әр бір модуль тақырыптары бойынша ұсынылған тапсырмаларды топтық іс-әрекетте талқылады. Шығармашылық тапсырмаларды орындауда топтық жұмыстың алатын орны ерекше. Себебі, барлық тыңдаушылар бір-бірімен бірлікте, ұжымда жұмыс жасап, берілген тапсырманы жылдам және сапалы орындап отырды.

«Құндылықтар практикасы» кезеңінде тыңдаушылар орындаған тапсырмалардың ішінен «Сыныптан тыс іс-шара жобасы» мен ата-аналарға арналған жиналыс және мұғалімдерге арналған семинарды ерекше атап өтуге болады. Себебі, осы тапсырмаларды орындауда мұғалімдер ерекше бір шабыт алғандарын айтып өтті.

Курс барысында тыңдаушылар рухани-адамгершілік білім берудің бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің қатарынан орын алып отырғанын, бұл білімнің өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде алатын орнының маңызы жоғары екенін түсінді. Сонымен қатар өзін-өзі тану арқылы рухани бастауға оралып, жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару қағидатына сүйене отырып, оқушыларға мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды терең түсіндіру керектігін білді. Мәңгілік жалпыадамазттық құндылықтар ол біздің шынайы табиғатымыз, бастапқы болмысымыз деген қорытындыға келді. Яғни рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының негізгі түйінді идеяларына өздерінің жасаған жұмыстары арқылы қорытынды шығара отырып келді.

Расында бұл курстың өскелең ұрпағымызды рухани-адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуде, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойынан жарыққа шығаруда алатын орны шексіз.

Абдикеримова Назира Жорабекқызы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы

 бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты

Деңгейлік бағдарламалар орталығының

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренері,

педагогика ғылымдарының магистрі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.