Home » Жаңалықтар » Роботтар. Болашаққа көзқарас

Роботтар. Болашаққа көзқарас

Алматы қаласындағы Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Робофест», (Мәскеу) IX Бүкілресейлік роба фестивалінде жеңіске жетті. «Робофест” жыл сайын 6 жастан 30 жасқа дейінгі ғылыми-техникалық шығармашылықтың үздік қатысушыларын жинайды. 

Біздің Алматы қаласы ФМН НЗМ командасы алғаш рет Еуропа мен Әлемнің ең ірі фестиваліне алғаш рет қатысты. Жігіттер 1 — орын алды.

Олег Дерипаски «Еркін ісі» ірі қайырымдылық қорларының бірі Мәскеуде 15- 17 наурызда IX Бүкілресейлік «Робофест» роба фестивалін өткізді.

Фестивалға РФ Білім және ғылым министрлігінің және стратегиялық инциативалық Агенттігі қолдау көрсетті. 

Жарыс өткізу тарихында қатысушылардың рекордттық саны болды. Ресей, Белоруссия және Қазақстанның 65 аймағының 1300 командасының құрамында 5000-ға жуық оқушылар мен студенттері қатысты.

«Робот өзі зиян келтірмейді немесе өзінің әрекетсіздігімен адамға зиян келуін болдырмайды» — роботехниканың бірінші заңын Айзек Айзимов сонау 1942 жылы тұжырымдаған.

Ол кезде машиналар күрделі операциялар мен тіпті адамды ауыстыруға қабілетті болады деп ойлау таң-ғажайып ертегі сияқты болатын. Жарты ғасырдан аз уақытта бұндай роботтарды тіпті мектеп оқушысы құрастыратынын ешкім ойламаған да.

«Біздің санатта 44 қарсылас болды, оның ішінде біліктіліктен біздің жоғарығы команда 1- орын, кіші команда 3- орын алды, бірақ финалда біз көп команданы артқа тастап, нәтижесінде кіші команда 1-орынға, жоғарғы команда 2-орынға ие болды» -деп, жарысқа қатысушы, қосымша білім беру педагогы Нұрдәулет Досмагамбет өз қуанышымен бөлісті.

Экологияны қалай жақсартуға, агроөнеркәсіп секторындағы өндірісті жеделдете жетілдіруге,көлікті қауіпсіз жүргізуге болады. «Робофест» жобаларының көбі елдің экономикасын жалпы адам өмірін жетілдіру туралы болды.

Осындай инновациялық шешімдердің авторлары-төменгі сынып оқушылары.

Бүкілрейсейлік «РобоФест» робототехникалық фестивлі — инженер мамандардың беделін арттыру мен талантты жастарды қолдау.

Анар Байжигитова,
Алматы қаласы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.