Home » Жаңалықтар » «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы ерекшеліктер мен өзгерістер» атты әдістемелік қолдау жұмысы

«Жаңартылған білім беру мазмұнындағы ерекшеліктер мен өзгерістер» атты әдістемелік қолдау жұмысы

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияда 2017 жылдың 16 наурызында «Білім көкжиегіндегі жаңа жүйе» тақырыбындағы «Ізденіс» желілік қоғамдастығының әдістемелік семинары өтті. Семинарда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері және аға оқытушыларымен «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы ерекшеліктер мен өзгерістер» атты әдістемелік қолдау жұмысы жүргізілді.

Жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасының ерекшеліктері мен өзгерістері және тиімді оқыту мен оқу тәсілдері бағытында әдістемелік көмек беру мақсатында өткізілген қолдау жұмысына ұлттық гимназия мұғалімдері қатысты.
Мұғалімдерді әдістемелік қолдау жұмысының барысында алғы сөзді институт директорының орынбасары О.М.Ташмуханова алды. А.С.Кульниязова жағымды ахуал тудыру мақсатында психологиялық тренингтер жүргізді және Н.Г.Аязбаеваның «Диалогтік әдіс пен топтық жұмыстың тиімділігі» тақырыбындағы бейне дәрісі көрсетілді. Ж.І.Ізғали «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және спиральді білім беру қағидаты», Г.Ж.Нұрсұлтанова «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қазақ тілі мен әдебиетіндегі өзгерістер: пәндердің кіріктірілуі, коммуникативтік дағдылар және оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету жолдары» тақырыптарында жаңартылған білім беру мазмұнындағы ерекшеліктер мен өзгерістер жөнінде мәлімет беріп, Б.Х.Жалмұханова «Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері» тақырыбындағы тәжірибелік жұмыспен қорытындылады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.