2018 жылдың сәуір айының 23 жұлдызынан бастап, мамыр айының 4 жұлдызына дейін «Өрлеу БАҰО» Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында аула клубтардағы қосымша білім беру педагогтері және информатика, физика, математика мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру, шағын роботтарды жинақтау және бағдарламалауды үйрету мақсатында өткізген жоспарлы «Робототехника негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру аясында он күндік қысқа мерзімді курс өтті. Осы аталған курста «Менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының» меңгерушісі С.Т.Мұхамбетжанова және «Менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының» аға оқытушысы Г.А.Биомарова жетекшілік етіп, Маңғыстау облысының өңірлерінен келген аула клубтардағы қосымша білім беру педагогтері және информатика, физика, математика мұғалімдеріне «Робототехника негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру аясында білімдерін жеткіздіре білді.
Он күндік курс ішінде, аула клубтардағы қосымша білім беру педагогтері мен информатика, физика, математика мұғалімдерін оқыту барысында қолданылған «LEGO MINDSTORMS EV3» және «Arduino микроконтроллерді» пайдаланып үйренгендерін топтық және сарамандық жұмыстар арқылы көрсете білді. Тыңдаушылар моделдеу құрастыру процесінде роботтарды бағдарламалап және тестілеулерде өздерінің маңызды шығармашылық және зерттеуде қолданған тәсілдерін тамшалатуға мүмкіндіктер алды.
«Робототехника негіздері» тақырыбындағы курстың соңғы күнінде тыңдаушылардың арасында «Робоқол», «Түс сұрыптауыш робот», «Күшік», «Қоқыс жәшігін тасымалдайтын робот» тағы басқа да роботтарды моделдеу және құрастыру процесінде роботтарды бағдарламалап және тестілеулерде де өздерінің маңызды шығармашылық және зерттеуде қоладанған тәсілдерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Курс соңында «Менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының» меңгерушісі С.Т.Мұхамбетжанова және «Менеджмент және ақпараттық технологиялар кафедрасының» аға оқытушысы Г.А.Биомарова сөз алып, курстың сәтті аяқталғанын айта келіп, аула клубтардағы қосымша білім беру педагогтері мен информатика, физика, математика мұғалімдерініне «сертификаттар» тапсырылды.
Бисултанова С.Б.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
Оқушылар шығармашылық үйі
«Жас ұлан» аула клубы
«Робототехника» үйірмесінің қосымша білім беру педагогі