Home » Жаңалықтар » РОБОТОТЕХНИКАЛАР ЖАРЫСЫ

РОБОТОТЕХНИКАЛАР ЖАРЫСЫ

Кеше елорда төрінің ЭКСПО конгресс залында замнауи  Робототехника сайысы өткен болатын. Мұнда жан-жақтан келген 300-ден астам оқушылар өздерінің қиялдан туған туындыларын ортаға қойды.

Сайыс ветринасы екі залға жайғасты. Бір залында роботтар футбол ойнап, әртүрлі қызмет көрсетіп жатса, екіншісінде өмірге өзіндік үлес қосатын шығармашылық жобалар еді. Мұның барлығы жаңа заманның кәсіпқой мамандарының бағдарлай білу қабілеттерінің арқасында. Осылайша, жастарымыз интеграциялық шындықта жұмыс істей алатындықтарын көрсетті

Жарыс жас ерекшелігіне қарай үш топқа және әр-қайсысын үш санатқа бөліп қарастырылған. Олар «Негізгі», «Шығармашылық» және «Роботтар футболы».

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова ауыл мектептеріне қолдау көрсету мақсатында Батыс Қазақстанның Жәнібек ауданы Мектептен тыс жұмыс орталығынан келген – Мансұр Өтепбергенге және Никита Лемякинге, сонымен қатар қыздар командаларына қолдау мақсатында Орал қаласы Зияткерлік мектебінің оқушылары – Айдана Асанғалиеваға және Динара Алмановаға арнайы сыйлықтар табыстады.

Креативті жобасы үшін Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушылары Анель Кәрімғали мен Дінмұхамад Бекжан, яғни «Fluffy Puppies» тобы Lego Education компаниясынан — Деннис Де Трейдің қолынан сыйлық алды. Чемпионат серіктесі «Казинтерсервис» компаниясының жетекшісі Төлебай Төленов арнайы сыйлық тапсырды.

Чемпионаттың әрбір қатысушысы өз дағдыларын одан әрі дамыту және жаңа жетістіктерге жету үшін сыйлыққа робототехника жиынтықтары бұйырды.

Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ерекше әрі шынайы әсер қалдырды – олар барлығы бес жүлделі орынның төртеуін жеңіп алды. Олармен қатар «Mad and Dana» атты қыздар тобы ғана жеңіске жетті.

Жеңімпаздар құрметті қонақтардың, дәлірек айтқанда «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ның президенті және кеңесшісі Шигео Катсу мен Деннис де Трейдің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Кирабаеваның, «Kazdidac» қауымдастығының басқарма төрағасының орынбасары Төлеген Ғаниевтің және чемпионат серіктесі – «Marwin» компаниясының өкілі Александра Полушкинаның қолынан кубоктар және сыйлықтар алды.

Әр санат бойынша бірінші орын алған командалар оқу-жаттығу жұмысына шақырылды. Оқу қорытындысы бойынша Коста-Рикада өтетін WRO 2017 дүниежүзілік роботтар олимпиадасына баратын команда анықталады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.