«РОБОТИКС» (биші темір)

Қазіргі кезде роботтар адам өмірінің барлық салаларына енуде. Бірі өндірісте қолданылса, енді бірі ойын-сауық бағытында. Осы мақсаттарға керекті роботтар максималды қозғала алатын және белгілі бір пішінде дайындалуы қажет.
РОБОТИКС – арнайы басқарумен қозғалысқа енетін бұл темір денелер сан түрлі иілуге икемделген. Қазақтың ұлттық «Қара жорға» биін, көше биі «Брэк дэнсты» және 2012 жылы әлемдік танымалдылыққа ие болған Псай орындауындағы «Гангнам стайл» әніне арналған биін өз нақышына келтіріп айнытпай салатыны қызық. Бұл керемет техниканың жоба қорғаушысы Ордаев Адиль.
Ордаев Адиль – Семей қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы. Робототехника үйірмесіне 4 жылдан бері қатысып келеді. Алғашында «Лего» роботтарымен жұмыс жасаса, кейінгі уақытта «Биолоид» роботына қызығушылығы артуда.
Бұл роботты өндіруші «РОБОТИКС» атты корей компаниясы. Осы жиынтық арқылы адамға ұқсас HUMANOIDA роботын құрауға болады. Динамиксел серверлік байланыс моторлары 18 кезеңді үлкен мүмкіндік береді. Оның қасында Лего Майнсторм роботтарында ең көп дегенде 4 моторға дейін  ғана қоса аламыз. Осы жағдай Адильдің «Биолоид» роботына ауысуымның негізгі себептерінің бірі.
Мұнда бағдарламалау үрдісі екі бағытта жүреді екен. 3D модельдеу және Си тіліне ұқсас тіл қолданылады. 3D моделі оқушының ойлаған мақсатына жету үшін роботтың көптеген қозғалыс орындарын сақтап, кейін барлығын біріктіре отырып бір бүтін жасайтындығы. Ал, Си тіліне ұқсас тіл бағдарламалау дағдысын қалыптастыруға үйретеді. Ұсақ бөлшектермен жұмыс жасау әрине, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа және ұсақ бөлшектермен жұмыс жасау моторикасын дамытуға көмектеседі дейді Адиль.

 

Қуаныш ТҰРҒАНБАЙ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.