«Өзін-өзі тану» адамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы бойымызға рухани-адамгершілікті дамытады. Сондықтан балаға балабақшадан бастап ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, имандылық қасиеттерін сіңіріп, өз-өзіне сенімді, адамдар арасында өз орнын білу, өзін тұлға ретінде сезінуге тәрбиелейді. Бұл пән балаларды өмірге шынайы қарауға үйретеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің өзіндік әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері, шартты белгілері бар. Бұл пән біздің мектебімізде 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. «Өзін-өзі тану» кабинеті ерекше жабдықталған. Балаларға бұл пән өте қатты ұнайды. Себебі бұл сабақта ән айтамыз, билейміз, сурет саламыз, ойнаймыз. Балалар бір-біріне тілек айтады, әсіресе тыныштық сәті, нұрға бөлену сәті, өте қатты ұнайды. Мектепте «Өзін-өзі тану-өмірді тану», «Мейірімділік-асыл қасиет», «Жүрек жылуы, «Адамдардың бәрін сүй бауырым деп», «Алтын жүрек- анамыз, атты ашық сабақтар өткізілді». Соның ішінде ерекше ұнаған оқу іс-әрекеті Мейірімділік – асыл қасиет тақырыбы болды. Мейірімділіктің шуағын анамыздан аламыз, «Ана» үш әріпті сөзден тұрса да мағынасында қаншама көп мәні бар сөз. Бала үшін бәрін жиған, бәрін берген, адам баласына- ой берген, ақыл берген, сана берген, ол-Ана. Түн ұйқысын төрт бөліп, бізді әлпештеген аялап, баласының қамын ойлаған ана жүрегі не деген құдіретті, жаны неткен мейірімді. Өзін-өзі тану пәнінен балалар үлкенге амандасуды, жақсы қасиеттерді қабылдап, жаман қасиеттерді түзетуге үйренді, еркін ойлап, еркін сөйлеуді, ойларын жеткізе білуді үйренді.
Өзін-өзі тану пәніне үлкен дайындықпен келу керек, себебі өткізілетін оқу ісі-әрекеті әр баланың өміріне әсер етеді. Әр баланың жүрегіне мейірімділікті ұялатады. Менің Сара Алпысқызына алғысым шексіз. Осы пән жалпы Қазақстан балаларының болашағының жарқын болуына, алға апарар жолдары нұрлы болуына өз септігін тигізері анық.
С.А. Елгандиева,
№69 Бескепе негізгі орта мектебінің
«Өзін -өзі тану пәні мұғалімі,
Бескепе ауылы