Home » Жаңалықтар » Тағылымы мол кездесу

Тағылымы мол кездесу

                                               «Рухани жаңғыру — ұлттың жаңғыруы».
Н.Ә. Назарбаев

Елбасы «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Осы бағдарламаға орай №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында «Туған жерге тағзым – мектепке тағзым»акциясы белсенді түрде өтті. Акция барысында мектеп оқушылары мектептің әр жылғы түлектерімен кездесіп, әдемі естеліктерімен, сүбелі ойларымен бөлісіп, аға-апалық тәрбиелік әңгімелерін тыңдады.
Осындай кездесудің бірі- мектебіміздің 1977 жылғы түлегі аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер,ардақты ана,мектеп мақтанышы Әбдіқадырова Әйткүл Әліқызымен болған кездесу. «Ісім оң болсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз» деп ғұлама Әл-Фараби айтқандай, Әйткүл Әліқызы кездесуді мектеп мұражайынан бастап, өз қолтаңбасын қалдырды.
Кездесуді мектеп-гимназия директоры Айнұр Архабаева ашып, қадірлі қонағымыздың өмір жолына, жеткен жетістіктеріне тоқталды. 5-6 сынып оқушыларымен ұйымдастырылған кеште мектеп түлегі балалармен балаша ән айтып, оқушылар қойған сұрақтарға тереңнен сыр шерте отырып сұхбаттасты.
Бойыңыздағы мейірімділік, еңбекқорлық, табандылық, қайсарлық қасиеттер кімнен дарыған? — деген сұраққа халық қалаулысы ел аузында жүрген аңызды жаңғыртып, текті ұрпақтың тұқымы екенін ерекше мақтанышпен айтты.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дейді дана халқымыз.Мектеп қабырғасында жүрген кезде қандай оқушы болдыңыз,сіздің сүйікті ұстаздарыңыз кім?деген сұрақтарға Айткүл Әліқызының сыныптас достары Сара Дәуітбаева, Нұржамал Мырзахметова, Мадиев Байдүйсен аға-апаларымыз әдемі естеліктерімен балалық шаққа қимастық сезіммен саяхат жасады. Маған тәлім-тәрбие берген ұстаздардың бәрі маған ұлағатты деп ұстаздарын ерекше ықыласпен еске алды. Ал өмірде осылай нық тұрума ата-анамен, Жәукебаева Күлжан апайымыздың тәлімі зор деп жауап берді.
Оқушылар мектеп түлегіне деген ықыластарын жыр-шумақтарымен,ән-күйлерімен жеткізді. Кеш соңында Әйткүл Әліқызы мектеп мұражайына естеліктер қалдырды, оқушыларға өмірде сәттіліктер тілей отырып,«Ел ертеңі –білімді ұрпақ»деген Елбасының сөзімен түйіндеді.

                                 Айзат Нүркеева,
Гүлжанат Ділімбетова,
Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы,
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы мұғалімдері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.