Home » Оқу-әдістемелік материалдар » РЕФЛЕКСИЯҒА АДАМНЫҢ  ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ — ТҰЛҒАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ МЕН ТӘСІЛІ

РЕФЛЕКСИЯҒА АДАМНЫҢ  ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ — ТҰЛҒАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ МЕН ТӘСІЛІ

Ханалиева Камчат Ажигуловна
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,
«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану
(гуманитарлық) ғылымы пәндерін оқыту әдістемесі»
к
афедрасының  аға оқытушысы,
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында
орыс  тілі мұғалімдерінің біліктілігін
арттыру бағдарламасының тренері

Өмірде әр адам өзі туралы, өз ұстанымдары, тұлғалық сапалары, мінез-құлқылары және де басқа адамдарға ықпалы туралы ойланатын жағдаяттар болады. Осылай ойланып-толғануға қандайда бір проблемалық ситуация себеп болуы хақ. Бұл адам өмірінде бір нәрсе «дұрыс емес» болып жатқанын, бұрынғыдай жасай алмайтын жағдайға тап болғанын байқаған соң орын алады. Өзін, қылығын, ойларын, сезімдерін, уайымдарын бақылай отырып, адам көбіне ешкімге ұқсамайтынымен, тіпті қарама-қайшылығымен  ұшырасады. Осыны шешу үшін адам қылығын, ойын, қатынасын теріске шығаратын немесе растайтын дәйектер іздейді.

Осы іздестіру  іштегі диалогпен бір үдерісте жүреді. Рефлексия екі жақты бейнелеу елестету қасиетіне тән болғандықтан, адамға оны басқалардың қалай қабылдап және бағалап отырғанын білуге болады. Рефлексия өзіне және басқаларға деген көзқарасы жай көрегенділікпен ғана емес, сонымен бірге  оның  көп жағдайда есеюіне  жәрдемдеседі. Өзін  танып біле отырып, басқаларды тереңірек  түсініп, адам ортаның  ықпалынан, ойсыз жүруден, кездейсоқ импульсивті қылықтардан көп арыла бастайды.

Қай адамда рефлексия тереңірек дамыған болса, сол өз өмірінің субьектісі болуға қабілетті, сол адам өзінің және саналы қойылған мақсаттарға бағдарлана басқалардың алдында жауапкершілігі жоғары болады. Бұл мағынада рефлексия  қуатты  дамытушылық  қызметке ие.

Рефлексивті талдауды өзінің жоспарлаған істерінде қолданатын адам  (барлық адымдарын есепке алған) сайыпқа келгенде, ыждағатты жүріс-тұрысын көрсетеді және жоспарлаған мақсаттарына тез жетеді. Ал сәтсіздік болған жағдайда өзін жақсы білетін, түсінетін адам «өзін жемейді» және барлығын бірдей кінәламайды. Өзі қандай сол кейпінде өзін қабылдайды, болған жайттардан қорытынды шығарады және жаңа міндеттерді қояды.

Осы жерде өзін-өзі тану мен өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі реттеу қызметтері көрініс табады.

Рефлексия адамның ішкі дүниесінің тұтастығы мен өсуіне ықпал етеді, эмоциялық өмірін тұрақтандыруға және үйлесімді болуына көмектеседі, өзінің қайрат-жігер әлуетін жұмылдырады.

Өмірде жеңіп щығуды қажет ететін қайбір кедергілердің алдындағы ішкі  сергелдең, есебін сұрамайтын қиындықтардан қашқақтау тұратыны белгілі, міне осы жерде өзіңмен-өзің сөйлесетін диалог, ашып айтқанда өзінің жігерін  жұмылдыру үшін өзіңе- өзің бұйрық беруің, бойыңды «жинап алуға» және ары қарай әрекет  етуге көмектеседі.

Эмоциялық-ерік үдерісінің үстінен бақылау жасауда рефлексия реттеуші қызметін атқарады. Осы қызметте рефлексия ойлау үдерісінің  метакогнитивтік бақылауында да болады. Рефлексияға қабілетті болу сөйлесуде өте маңызды. Өз мінез-құлқын, әрекеттерін рефлексиялай білу арқасында, адамдармен табысты қарым-қатынас түзу үшін адам өзінің бойында әріптестік жеке қасиеттерін, соның ішінде көрегендік, ықыластылық, төзімділік, әдептілікті дамытады.

Тіпті шиеленіскен дау-жанжал да «емдеуге келеді», ақылмен, (яғни рефлексивті) келсе: егер мүшелерінің бірі болған жағдайда өзінің және жанжалдасқан әріптесінің  мүддесін есепке алып  жай талдаса.

Рефлексия әлеуметтік қызметке оның заты басқа адам мен оның қызметтері болғанда енеді.  Рефлексияның  ерекше маңызды саласы – ойлау үдерістері, кейде оны ойлау туралы ойлану депте анықтайды.

Белгілі болғандай, адам бір нәрсені тек түсініп қоймайды, сонымен қатар не түсінгенін  түсінеді. Немесе не түсінбегенін түсінеді. Немесе содан не түсінбегенін түсінбейді. Бұл рефлексияның бастамасы, оған шығуға ішкі үндеу, шақыру. Барлық берілген міндеттер  мен өзінің жеке әрекеттерін осы рефлексивті шолу оған басқа саналы позицияда болып, жетпей тұрған звеносын табуға немесе қай жерде жаңылысқанын түсінуге жәрдемдеседі.

Тағы да рефлексияның маңызды қызметтерінің бірі «жасалынып жатқан қызметіне субьектінің саналы қатынасын қамтамасыз ету».

(Рубинштейн, 1997), әрине сөзсіз оның сапасы мен өнімділігін арттырады. Осыған қоссақ: тек ғана қызметіне емес, сонымен бірге өзінің жеке ойларына.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бизяева А.А. Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия

— Псков: ПГПИ им.С.М.Кирова, 2004. — 216 стр.

  1. Задорожная Н.П., Низовская И.А. От педагогического опыта к педагогической рефлексии: Методические рекомендации по организации и проведению педагогических мастерских/ Общ.ред.Т.А. Матохиной. – Б.: Maxprint, 2011. – с.
  2. Рефлексия в педагогике, Захарченко М.В.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.