Home » Жаңалықтар » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»  БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»  БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында 2018 жылдың маусым айында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» педагогтер үшін бейне-сабақтардың «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауын жариялаған болатын.   Хабарландыру институтымыздың сайтында, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде және де «Өрлеу-Шымкент» журналында, «Ұстаз нұры-информ» газетінде жарияланып, «Отырар» телеарнасының жүгіртпе жолдарына берілді. Байқауға дайындық барысында кеңесшілер тобы қатысушыларға құжаттармен танысуда, әдістемелік материалдарын жүйелеуде үлкен көмек көрсетті.

Байқауға облыс педагогтерінен  төрт  басым бағыт бойынша  250-ден астам  өтінім келіп түсті, байқауға қатысқан сабақтардың  бейнематериалдары қаралып, Сараптамалық кеңестің бағалау қорытындысы бойынша облыстық кезеңнен 63 үздік деп танылған жұмыстардың авторлары марапатталып, республикаға қатысуға жолдама алды. Сонымен қатар «Жаңашыл педагог», «Шығармашыл педагог» және «Креативті педагог» номинацияларына 17 педагог иеленді. Осылайша  Республикалық байқаудың   өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті. Қатысушылар байқаудан алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Озық тәжірибені республикаға тарату мақсатында бұл бейне — сабақтар «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлтық орталығының» Білім беру порталында орналастырылады.

Педагогтің еңбегі ақталып, жұмысы марапатталып, беделі биіктеп жатса, ол педагогтің жетістігі!

Н. Олжабаева
«Қоғаммен байланыс және баспа ісі»
бөлімінің жетекші маманы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.