Home » Жаңалықтар » Республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті

Республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті

2019 жылғы 23 қаңтарда Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның басшысының кандидатын анықтау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті.

Отырысқа Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар басшыларының лауазымдарына кандидаттарды анықтау мәселесі қарастырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев конкурс рәсімі туралы қысқаша түсіндіріп, жоғары оқу орындарының Байқау кеңестері мүшелерінің кандидаттарды тыңдау нәтижелері туралы баяндады.

Отырыста:

  1. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ректорының лауазымына тағайындау конкурсына қатысушылармен:

— Байжанов Нұрсейіт Әбсаттарұлы;

— Едрисов Азамат Тіржанұлы;

— Көбеев Еркін Қиноятұлы;

— Өмірбаев Серік Мәуленұлы;

— Садықов Еркін Тоқмұхамедұлы.

  1. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының лауазымына тағайындау конкурсына қатысушылармен:

— Күлдеев Ержан Итеменұлы;

— Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы.

  1. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ректорының лауазымына тағайындау конкурсына қатысушылармен:

— Дощанова Алма Иргибайқызы;

— Жарлығасов Жеңіс Бахытбекұлы;

— Ибрагимов Примқұл Шолпанқұлұлы;

— Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызымен әңгімелесу өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры лауазымына Едрисов Азамат Тіржанұлын, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университінің ректоры лауазымына Дощанова Алма Иргибайқызын тағайындау туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Комиссия Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті басшысының лауазымына кандидатты анықтау бойынша конкурсты өткізілген жоқ деп танып, қайта конкурс өткізуді ұсынды.

 

        ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.