Home » Жаңалықтар » Екібастұздық жас педагогтер Жастар жылын бастады

Екібастұздық жас педагогтер Жастар жылын бастады

Жастарға арналған жарқын бастама Екібастұз қаласында «Достықтың дархан ұясы» атты қалалық этномәдени фестивалімен бастау алды. Жастарды ұлттық мәдениет пен дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, жастар арасындағы этносаралық қатынастарды үйлестіру, қарым-қатынастың төзімді мәдениетін қалыптастыру, халықтардың ұлттық дәстүрлі мәдени мұрасын сақтау, дамыту және көпшілікке тарату мақсатын көздеген бұл фестивальге қала мен ауылдық округтерден 150-ден астам жас педагогтар қатысты.

Өнер додасында жас педагогтар Екібастұзда тұратын 13 этностың мәдениетін көрсете отырып, өзге ұлттар арасындағы бірлікті, татулықты паш етті. Фестиваль қорытындысы бойынша, «Үздік би нөмірі» номинациясын №25 мектептің орыс этносы – «Сударь мен сударушкалар» командасы иеленді. «Үздік вокалдық орындау» номинациясы №26 мен №11 мектептердің неміс этносы болған «Froinshaft» командасына бұйырды. №2 және №4 мектептердің өзбек этносы болған «Дустлик хайот» командасы «Халық мәдениетінің өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігі» номинациясын, ал, Зеленая Роща ауылындағы Шідерті мектебінің қырғыз этносы «Көркем бейненің бастамасы мен артистизмі» номинациясын алды. №17 мектептің беларусь этносы болған «Чароуництер» және №2 мектептің әзірбайжан этносы «Яхси» командасы «Орындау көріністері мен сахналық мәдениеті» номинацияларына лайық деп танылды.  №10 мектептің корей этносы «Хангук« корей этносы «Фантазия және хантазия» номинациясын, №7 мектеп-гимназиясы, №33 мектептен шыққан татар-башқұрт этносының «Дуслар» командасы «Көрермен көзайымы» болды. №9 және №23 меткептердің еврей этносының «Бэяхад» командасы «Ұлттық колорит және орындау мәнерлілігі» номинациясын жеңіп алды. Украин этносы болған №5 меткептің «Світанок» командасы «Көркем дәм және ұлттық мәдениет», №36 меткептің поляк этносы «Пьенкна млодощьчь» командасы «Сюжеттің түпнұсқалығы және орындаушылық шеберлігі» номинацияларын иеленді. №24 мектептің орыс этносы «Сударь және сударушкалар» командасы мен №18 мектептің поляк этносы «Пьенкна млодощьчь» командасы  «Шығармашылық көзқарас және сахналық әртістік» номинацияларын бөлісті.  №6 ж»не 21 мектептердің қазақ этносы «Біз қазақпыз» командасы «Салт-дәстүрді сақтау және орындау шеберлігі» номинациясына ие болды.

Айдана Айтуған,
Екібастұз қаласы,
Павлодар облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.